​АНЕМИЯ қаншалықты ҚАУІПТІ?

0
6 507

Анемияны бір ғана дәрігер емдемейді.


​АНЕМИЯ қаншалықты ҚАУІПТІ?

фото: heaclub.ru

Анемия – бүгінгі кезеңнің қауіпті дерті. Жас таңдамайтын бұл дерт қанның азаюынан белең алады. Ағзадағы қан жасушаларының тапшылығы болғанда дамитын ауруды дер кезінде анықтап емдемесеңіз, түрлі аурудың асқынуына әкеледі.


Анемияның белгілері

  • шаршау;
  • әлсіздік;
  • тері түсінің қуқылдануы;
  • аритмия;
  • ентігу;
  • бас ауыру және айналу;
  • көкірек тұсының ауыруы;
  • аяқ-қолдың мұздауы.

Анемияның пайда болғанын алғашқыда аңғара алмауыңыз мүмкін. Білдірмей бастап, ағзаны жаулайды. Егер сізде жоғарыда келтірілген белгілер болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

фото: zdorovieinfo.ru


Анемияның түрлері


Теміртапшылықты анемия

Бұл ең жиі кездесетін анемия. Аталған түрінде ағза теміртапшылығына ұшырайды. Соның салдарынан гемоглобин мен эритроциттер түзілмейді. Гемоглобин мен қызыл қан жасушаларының қалыптасуы үшін темір жеткілікті мөлшерде болу керек. Анемияның бұл түрі жүкті әйелдерде кездеседі. Одан бөлек, етеккір кезеңі ауыр өтетіндерде, ойық жарасы барларға, қатерлі ісікке шалдыққандарға, ауырсынуды басатын дәрілерді көп ішетіндерде кездеседі.


Дәрументапшылығы анемиясы

Сіздің ағзаңызға жеткілікті мөлшерде эритроциттерді шығару үшін темірден басқа, фолий қышқылы және В-12 дәрумені қажет. Егер сіз құрамында осы екі зат бар тағамдарды жиі тұтынсаңыз, мұндай дертке шалдықпауыңыз мүмкін.

Ал кей жағдайларда В-12 дәруменін жеткілікті мөлшерде тұтынса да, ағзасы оны сіңіре алмайды. Нәтижесінде зиянды анемия деп аталатын дәрументапшылығы анемиясы пайда болады.


Созылмалы аурулардан пайда болатын анемия

Қатерлі ісік, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы), ревматоидты артрит, бүйрек ауруы, Крон ауруы және басқа созылмалы қабыну жағдайлары эритроциттердің өндірісін тежейді де салдарынан созылмалы анемия пайда болады.


Апластикалық анемия

Бұл анемия сирек кездесетін, қызыл қан жасушалары жеткіліксіз өндірілген кезде өмірге қауіп төндіретін түрі. Анемияның бұл түрі инфекциялардан, дәрі-дәрмектермен, химиялық токсиндерден және аутоиммундық аурулардан кейін пайда болуы мүмкін.


Сүйек кемігі ауруынан болатын анемия

Лейкемия және миелофиброз анемияны тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда сүйек кемігіндегі эритроциттердің өндірісі бұзылады. Бұл аурулардың салдары өмірге қауіп төндіреді.


Гемолитикалық анемия

Қызыл қан жасушалары сүйек кемігіне қарағанда тезірек жойылатын анемиялар тобы жаңаларын тудыруы мүмкін. Кейбір қан аурулары қызыл қан жасушаларының тез бұзылуына әкеледі.


Анемияның себептері

  • Темір, В-12 дәрумені және фолий қышқылы аз тағамдарды жеу анемия қаупін арттырады.

  • Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы. Крон ауруы және глютенді төзімсіздік аш ішекте қоректік заттардың сіңуін бұзады, салдарынан анемияға әкеледі.
  • Етеккір кезінде көп мөлшерде қан жоғалту темір тапшылығы анемиясына әкелуі мүмкін.
  • Жүктілік кезінде анемия қаупін азайту үшін фолий қышқылымен мультидәруменді қабылдау қажет.
  • Қатерлі ісік, бүйрек жеткіліксіздігі және басқа созылмалы жағдайлар анемия қаупін арттыруы мүмкін.
  • Бұл жағдайлар қызыл қан жасушаларының жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Ойық жара болған кезде темір мен эритроциттердің мөлшерінің төмендеуімен жүретін баяу қан кету мүмкін, бұл кейінірек темір тапшылығы анемиясына әкеледі.
  • Тұқым қуалаушылық. Егер сіздің отбасыңызда анемияның тұқым қуалайтын түрі болса, сіз оған бейім болуыңыз және оның даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
  • Анемияның пайда болуына басқа факторлар да әсер етеді. Белгілі бір инфекциялар, қан аурулары, аутоиммундық аурулар, алкоголизм, токсиндердің әсері және кейбір дәрі-дәрмектерді қолдану қызыл қан жасушаларының түзілуіне әсер етіп, анемияға әкеледі.
  • 65 жастан асқан адамдарда анемия қаупі жоғары болады.


Анемияны қандай дәрігер емдейді?

Анемияны бір ғана дәрігер емдемейді. Міндетті түрде қан (гематолог), жүрек (кардиолог), ас қорыту жүйесі (гастроэнтеролог) ауруларын емдейтін дәрігерге тексеріліңіз.

фото: marena99.livejournal.com


Анемияны емдеу жолдары

Анемияның көптеген түрлерінің алдын алу мүмкін емес. Дәрумендерге және келесі қоректік заттарға бай арнайы диетаны қолдану арқылы теміртапшылығы мен дәрументапшылығы анемиясының дамуын болдырмауға болады:

  • Темір. Мейлінше темірге бай тағамдарды үзбей жеңіз. Тамақтану мәзіріңізден ет, бұршақ, жасымық, дәнді дақылдар, қою жасыл көкөністер және кептірілген жемістерді үзбей жеңіз.
  • Фолий қышқылы. Бұл зат немесе оның синтетикалық түрі фолий қышқылы жемістерде, қою жасыл салат жапырақтарында, жасыл бұршақтарда, бұршақтарда, жержаңғақтарда, дәндерде, нанда, макарон өнімдерінде, күріште болады.
  • В-12 дәрумені. Бұл дәрумен ет, сүт өнімдерінде, дәнді дақылдарда және соя өнімдерінде кездеседі.
  • С дәрумені. С дәрумені цитрустық жемістерде, шырындарда, бұрышта, брокколиде, қызанақта, қауын мен құлпынайда кездеседі. Бұл тағам темірді сіңіруге көмектеседі.


Егер сіз біз ұсынған тағамды үзбей жесеңіз де, анемия белгілері болса, онда дәрігеріңізден мультивитаминді жаздырып алыңыз.


Дереккөз: zdorovieinfo.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Сізде КЛИМАКСТЫҢ белгілері БАР ма?


Сүт БЕЗІ қатерлі ІСІГІНІҢ алдын алуды ӘР ӘЙЕЛ білуі керек – дәрігер


ТҰМАУДАН тез ЖАЗЫЛУДЫҢ жолы қандай?