​Сізде КЛИМАКСТЫҢ белгілері БАР ма?

0
11 510

Оны төмендегі тест сұрақтарына жауап беру арқылы біле аласыз


​Сізде КЛИМАКСТЫҢ белгілері БАР ма?

фото: twitter.com

Климакс – әйелдердегі етеккірдің тоқтауының белгісі. Етекірі тоқтаған әйелде көптеген өзгерістер орын алады. ең алдымен бала сүю бақытынан айырылады. Медицина мамандары климакстың басталу кезеңі 50 жастан ары қарай дегенді айтады. Өкінішке орай, бүгінде бұл дерттің өте ерте кездесіп жатқанын білеміз. Ал ерте басталуына әйелдердегі аналық бездердің гормоналды функциясының жойылуы және ағзаның жалпы қартаюының салдарынан пайда болатын вегетативтік-тамырлық, психикалық және метаболикалық-эндокриндік бұзылуы себеп болады.


Естеріңізге сала кетейік, климакс бірден болмайды. Өзіне тән белгілері бар:

  • мазасызданады;
  • көңіл-күйі құлазиды;
  • дене қызуы көтеріледі;
  • тұла бойы ауырсынады;
  • еш себепсіз қалтырайды;
  • тершеңдік пайда болады;
  • басы жиі ауырады;
  • депрессия, ұмытшақтық, ашуланшақтық секілді мазасыздықтар байқалады.


Егер, сіз өзіңізде осы белгілерді байқасаңыз, онда мына тест сұрақтарына жауап беріңіз. Әрбір таңдаған нұсқада белгілі бір балл берілген. Сұрақтарға толық жауап берген соң жинаған ұпай санын есептеп, нәтижесін оқисыз.

фото: nanoproyectos.com


Сұрақ

Иә – 3

Кейде – 2

Жоқ – 1

1

Жүрек қағысы өзгеріп тұра ма?

2

Күйгелексіз бе?

3

Ұйқыңыз бұзыла ма?

4

Тез әсерленесіз бе?

5

Үнемі үрейленіп жүресіз бе?

6

Шаршаусыз ба?

7

Қызығушылығыңыз төмен бе?

8

Депрессияда жүресіз бе?

9

Жылауықсыз ба?

10

Ашуланшақсыз ба?

11

Басыңыз айналып, есіңізден танып қаласыз ба?

12

Басыңыз бен денеңіз жиі қысыла ма?

13

Денеңіз қалтырап, аяқ-қолыңыз ұйып қала ма?

14

Басыңыз ауыра ма?

15

Буын мен бұлшық ет ауыра ма?

16

Аяқ-қолыңызда әлсіздік байқайсыз ба?

17

Тыныс алуыңыз қиындай ма?

18

Қан қысымыңыз көтеріле ме?

19

Түнде терлейсіз бе?

20

Жыныстық қатынасқа түсуге құлқыңыз төмен бе?


Берілген 20 сұраққа толық жауап берсеңіз, ұпай санын есептеңіз.


Қорыңыздағы:

1-11 ұпай: климакстың белгілері өте төмен екенін білдіреді.


12-19 ұпай: климакстың белгілерінің бар екенін айқындайды. Дәрігерге тексеріліп, қажетті ем-шараларын жүргізіңіз.


20 ұпайдан жоғары болса: сізде климакс кезеңі жүріп жатқанын айтады. Мүмкіндігінше денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Арнайы маманның кеңесін тыңдасаңыз, жеңіл өтетініне сеніңіз.


Дереккөз: diagnos.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БРОНХИТ жазылатын ДЕРТ пе?


Вирусты ИНФЕКЦИЯНЫ қалай ЕМДЕЙМІЗ?


ТҰМАУДАН тез ЖАЗЫЛУДЫҢ жолы қандай?