​Аяқ-қолдың ҰЮЫ қандай ҚАУІПТЕН хабар береді?

0
144 128

НЕГЕ ұйиды? НЕ ІСТЕУ керек?


​Аяқ-қолдың ҰЮЫ қандай ҚАУІПТЕН хабар береді?

фото: doktorpozvonkov.ru

Білектің, табанның және жіліншіктің шаншып ауырып, жансыздануы сізде де кездесетін болар. Әсіресе, қолыңызға басыңызды қойып ұйықтағанда, компьютерде ұзақ отырып тышқанмен жұмыс істегенде немесе аяқты айқастырып отырғанда аяқ-қолыңыз ұйып, біраз уақытқа дейін әрекетке бара алмай қаласыз. Бұл жайсыздық 1-2 минутқа созылса алаңдаудың қажеті жоқ. Ал егер ұзаққа созылатын болса, айтарлықтай қауіптің төнгенін білдіреді.


Аяқ-қолдың ұюына не себеп болады?

Қолдың буыны мен табан маңызды екі жүйенің яғни, қан айналым мен жүйкенің тоғысқан жері. Демек, қан айналым дұрыс жүрмесе, қажет жерге келмесе, онда ол жансызданып, ұйып бастайды. Сондықтан да аяқ-қолы ұйып қалатындарға ең алдымен қан айналымын тексертіп алу керек.

Ал екінші жүйе, яғни жүйкенің әсерінен ұйып қалса, онда оның шешімі жеңіл. Көбінесе тышқанмен жұмыс істегенде, ұзақ уақыт қаламмен жазу жазғанда қол, білек ұйып қалады. Бұл кезде аяқ-қолыңызға жаттығу жасап, ары-бері қозғалту керек. Сонда қан айналым дұрысталып, жүйке іске кіріседі. Нәтижесінде ұюдың алдын аласыз.

фото: aicaorthopedics.com

Бұдан бөлек те аяқ-қолдың ҰЮЫНА мыналар СЕБЕП болуы мүмкін:


1. Жүйке тамырлары

Қол мен аяқтарда орналасқан жұлын мен ми тамырларының жүйкесі ауырғанда аяқ-қол ұйып белгі береді. Бұл көбінесе егде жастағыларда көбірек кездесетін сырқат. Демек, аяқ-қол ұйыған кезде, жедел түрде жүйке тамырларының жұмысын тексерту керек.


2. II-топтағы диабет ауруы

Аяқ-қолдың жиі ұюы қант диабетінің екінші түрінен белгі береді. Бұл кезде қолдың буынына қарағанда аяқ көбірек ұйып мазаңызды алады.


3. Дәрумен жеткіліксіздігі

Е, В1, В6, В12 және P дәрумендері жүйке саулығына жауап береді. Демек, аталған дәруменнің тапшылығы да аяқ-қолдың ұюына себеп болады.


4. Спиртті ішімдік

Алкогольді қабылдау кезінде ағза дәрументапшылығына ұшырайды, тамақ режимі бұзылады. Салдарынан жүйке жұмысын баяулатып, қан айналым нашарлайды. Соңынан аяқ-қол жансызданып, ұйып қалады.


5. Инфекция жұқтырғанда

Қауіпті инфекция жұқтырғанда да аяқ-қол жансызданып, ұйып қалады. Нақтырақ айтқанда, Лайм, СПИД, ИТВ (иммунтапшылығы вирусы), желшешек, ұшық дертіне шалдыққандарда жиі кездеседі.


6. Уланған жағдайда

Тамақтан емес, химиялық заттардан немесе ауыр металлдың әсерінен уланған жағдайда аяқ-қол өз жұмысын дұрыс атқара алмай, жансыздануға әкеледі.


7. Дәрі қабылдау

Дәріні де шамадан артық қабылдау аяқ-қолдың ұюына әкеледі. Ешқашан өз бетіңізше дәрі ішуші болмаңыз. Өйкені басыңыз ауыра қалса, үйдегі кез келген дәрі көмектеспейді. Міндетті түрде дәрігерге барып, бас ауруын анықтаған абзал.


8. Тұқым қуалайды

Аяқ-қолдың ұюы кейбір адамдардың қанында болады. Ол қан арқылы ұрпағына тарайды. Бұл кезде буын, табан, жіліншік жиі-жиі жансызданып тұрады.


9. Жарақат алғанда немесе ауыр зат көтергенде

Абайсызда жарақат алсаңыз, сол тұстың жүйкесі сыр береді де, қан айналым бұзылады. Нәтижесінде жарақат алған мүшесі ұйып бастайды.


10. Шылым шегу

Никотин – буынды қанмен қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірден-бір улы зат. Сонымен қатар жүйке жүйесін де бұзуға қабілетті. Қан мен жүйкенің жұмысы әлсіресе, аяқ-қолдың ұюы сөзсіз.

фото: tr.pinterest.com


Не істеу керек?

Міне, қандай жағдайда аяқ-қолдың ұйып қалатынын білдіңіздер. Ендеше бұл белгілер ТЕРАПЕВТ дәрігердің қабылдауына жазылуға жетектейді. Дәрігер арнайы тексеруден өткізіп, аурудың алдын алуға ықпал етеді. Жалпы қанды сараптамадан өтікізіп, диабет, бауыр, бүйрек ауруларының бар-жоғын анықтайды, дәруменнің деңгейін біледі әрі зат алмасудың жағдайын бақылайды.


Қалай емделеміз?

Дәрігер қажетті сараптамадан өткізген соң, арнайы ем жүргізеді. Көп жағдайда дәрінің көмегіне жүгінбейді. Аяқ-қолдың ұюы салауатты өмір салтын ұстансаңыз жазылатын ауру екенін ұмытпаңыз. Бастысы:

  • қимыл-қозғалысты реттеңіз;
  • дұрыс тамақтаныңыз;
  • қанттың мөлшерін азайтыңыз;
  • дәрумендер қабылдаңыз;
  • жағымсыз әдеттерге нүкте қойыңыз;
  • артық салмақтан арылыңыз.

Ендеше, тексеруден өтіп, қажетті ем алудан қашпаңыз. Саулығыңызды сақтасаңыз, талай сырқатқа тосқауыл болатыныңызды біліңіз.


Дереккөз: lifehacker.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді


ЕСІНЕУ қандай ҚАУІПТІ аурудың БЕЛГІСІ екенін білесіз бе?


ПНЕВМОНИЯНЫ мына ТӨРТ түрлі ШАЙ емдейді