Бала сүйе алмаудағы мәселенің 40-50 пайызы еркектердің денсаулығына байланысты

0
4 063

​Еркектердің белсіздігінен жаңғақ құтқарады – мамандардың пікірі


Бала сүйе алмаудағы мәселенің 40-50 пайызы еркектердің денсаулығына байланысты

Егер еркектер күн сайынғы тамақ мәзіріне кәдімгі жаңғақты қосар болса, оның шауһат құрамы жақсарып, белсіздікке ұшырау тәуекелділігі анағұрлым кемиді дейді медицина мамандары.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күніне бір уыс жаңғақ (грек, бадам және орман жаңғағын қоса алғанда) жеген еркектерде екі аптадан соң төсекте белсенділігі артып қана қоймай, аталық ұрықта да оң нәтиже көрсеткен.

Нақтырақ айтқанда, сперматозоидтар мөлшері 14 пайызға артып, олардың өміршеңдігі 4 пайызға ұлғайған. Қозғалысы – 6 пайызға, морфологиясы (көлемі мен формасы) 1 пайызға артқан көрінеді.

Яғни, еркектердің тамақтануы мен еркектік қабілеті өте тығыз байланысқаны тағы да дәлелденген.

Статистика мәліметіне жүгінсек, бүгінде әрбір жетінші некелі жұпта бала сүю мәселесі кездеседі екен. Сонымен қатар, перзентті болуда кездесетін проблемалардың 40-50 пайызы еркектің денсаулығына тікелей қатысты болып жатыр.

Жаңғақпен жүргізілген зерттеу нәтижесін медицинадағы ғалымдар ондағы омега-3 май қышқылы мен антиоксиданттар, В дәруменінің әсерімен байланыстырып отыр. Аталған заттар ұрықтылыққа өте күшті әсер ететін айтады мамандар.

Дереккөз:meddaily.ru