​БРОНХИТ жазылатын ДЕРТ пе?

0
6 348

Аурудың белгілері, себебі, емделу жолдарын біле жүріңіз


​БРОНХИТ жазылатын ДЕРТ пе?

фото: fb.ru

Адам ағзасындағы бронхтардың қызметі – газ алмасу үшін жақ сүйегінің тіс еніп тұратын қуысын оттегімен қаныққан ауаны тасымалдау болып табылады. Тыныс алу жүйесінің аурулары кезінде бұл қызмет бұзылады. Көмірқышқыл газының кері шығуы да бронхтар арқылы жүзеге асады. Ол қабынған кезде жөтел пайда болады. Бронхит – негізінен инфекциялық сипаттағы төменгі тыныс жолдарының ауруы. Жиі ЖРВИ немесе суық тигенде пайда болады. Дертті уақытылы емдесеңіз, асқыну қаупі болмайды.


Аурудың белгілері

Ересектердегі бронхит жедел және созылмалы, катаральды және іріңді, обструктивті және обструктивті емес деп бөлінеді. Аурудың барлық түрінде науқаста жөтел болады. Алғашқы 2-3 күнде жөтел құрғақ немесе аз қақырықпен болады. Ал бірнеше күннен кейін бронхит белгілері өзгере бастайды. Қақырықтың бөлінуі күшейіп, түсі ақшыл-сұр және мөлдір түсті болады. Егер бактериялық инфекция қосылса, қақырық сарғыш-жасыл болуы мүмкін.


Егер сізде бронхит болса, онда:

  • жалпы жағдайыңыз нашарлайды, бойыңызды әлсіздік, ұйқышылдық билейді;
  • тәбет төмендейді;
  • дене температурасы көтеріледі;
  • кеуде тұсы ауырады.

Жедел бронхит кезінде тек жөтел мазаламайды. Ауру тұмаудың асқынуы ретінде пайда болуы мүмкін. Бронхиттің бұл түрінде температура 40 ° C дейін көтерілуі мүмкін. Қатты тыныс алу және сырыл, ентігу, қалтырау секілді жайсыздықтар қосылады. Инфекциялық, вирустық және бактериялық аурулардың салдарынан пайда болған жедел бронхит жұқпалы болып табылады. Науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде айналасына жұқтырады. Сондықтан жоғарыда айтылған белгілер байқалса дереу өзіңізді оқшаулаңыз. Сонда дерттен тез айығып, айналаңызға кесіріңізді тигізбейсіз.

фото: sammedik.ru


Ауру кімге тез жұғады?

Бронхит көз ілеспес жылдамдықта дамиды. Егер сіз:

  • шаң, зиянды, түтін, улы орында жұмыс істейтін болсаңыз;
  • темекі тартсаңыз;
  • алкогольге тәуелді болсаңыз;
  • иммунитет төмен болса ауруды тез жұқтырасыз.

Бронхиттің белгілері біліне салысымен-ақ, емдеу шараларына кірісіңіз. Әйтпесе, созылмалы түріне ұласуы ықтимал. Одан бөлек, пневмония, демікпе, өкпе, жүрек ауруына шалдығуыңыз ғажап емес.


Ауруды қалай анықтайды?

Бронхитті қалай емдеуге болатынын сіз емес, арнайы маман шешеді. Дәрігер сіздің жағдайыңызбен толық танысып шыққан соң, қажетті сараптама жасатады. Міндетті түрде бронх жолдарын тыңдайды, рентген мен КТ түсіреді, қан сараптамасын жасатады, қақырықты тексереді. Осының нәтижесіне қарап, қажетті дәрі-дәрмек ұсынады.

фото: traveltimes.ru


Ауруды қалай емдейміз?

Науқас төсек режимін сақтау керек. Бұл өте маңызды. Жалпы ересектердегі бронхитті емдеу балалардағы терапиядан ерекшеленеді.

Бронхитті емдеу үшін оның пайда болуының себебін анықтап алған жөн. Жөтелді жеңілдету үшін арнайы дәрі тағайындалады. Қажет болса, қақырық түсіретін дәрі ішесіз. Ал бактерияның салдарынан пайда болған бронхитті антибиотикпен емдейміз.


Антибиотик қабылдағанда нені білуіміз керек?

Антибиотик – кез келген дерттің емі емес. Мәселен, жедел бронхит кезінде антибиотик ұсынылмайды. Ал егер созылмалы түріне ауысса онда міндетті түрде антибиотиктің көмегімен емделеміз.


Дереккөз: medicina.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАСЫҢЫЗ ауырса МЫНА әдісті жасаңыз


Вирусты ИНФЕКЦИЯНЫ қалай ЕМДЕЙМІЗ?


Жүректің ишемиялық ауруы туралы не білеміз?