​Кімге медициналық тексерілуден өту керек?

0
7 742

Медициналық тексеруден өтетіндердің арасында СІЗ бен БІЗ бармыз ба?


​Кімге медициналық тексерілуден өту керек?

фото: netamin.hu

Қандай ауруды болса да басталған кезде емдеген дұрыс. Асқынған соң науқасқа да, дәрігерге де, тіпті туысқандарына да қиын болмақ. Десе де, көптеген ауруларды алдын ала байқау қиын. Белгілері білінбейді. Тек сараптама мен диагностикалық тексеру ғана анықтай алады. Сондықтан да мына жағдайдағы адамдарға басыңыздың ауырғанын, балтырыңыздың сыздағанын күтпей-ақ толық тексеруден өтіңіз деп кеңес бергіміз келеді.


Олар кімдер?

  • дұрыс ұйықтай алмайтындар;
  • дұрыс тамақтанбайтындар;
  • бір орында отырып жұмыс істейтіндер;
  • жиі стресс алатындар. Бұл 4 жағдай денсаулыққа өте зиян.


Диспансерлеу – өте қажет әрі пайдалы. Әсіресе, дәрігерден, екпе салдырудан қорқатындар үшін таптырмайтын мүмкіндік. Егер сіз жүйелі түрде жылына бір рет толық тексеруден өтіп тұрсаңыз, онда көптеген аурулардың алдын алатыныңыз сөзсіз. Тіпті, енді бастау алған онкологиялық ауруларға да нүкте қоя аласыз.


Сонымен кімдерге тексерілуден өту керек?

фото: gorodokboxing.com


Сәби сүйгісі келетін аналар

Сәби сүю үлкен бақыт. Дені сау, он екі мүшесі бүтін бала сүю еселенген бақыт екені белгілі. «Дені сау сәби – дені сау анадан» туылады деген тәжірибеге сүйенетін болсақ, алдымен болашақ сәби сүйетін ананың саулығы маңызды. Егер сіздің құрсақ көтеріп, бала сүйгіңіз келсе, онда қан, несеп талдауын жасатасыз. Ағзаңыздағы минералдар мен дәрумендердің деңгейін анықтайсыз. Гемоглобиннің де атқаратын қызметі орасан. Егер сізде бәрі ойдағыдай болса, денсаулығыңызда ешқандай кінәрат болмаса, онда бала көтеруге шешім қабылдағаныңыз дұрыс.


40 жастан асқандарға

Жас ұлғайған сайын жүрек-қан тамыр, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулар мазалайды. Сондықтан да қырықтың қырынан асқан соң ең алдымен денсаулыққа көңіл бөлу керек. Бір апта немесе бір ай уақытыңызды саулығыңызға арнаңыз. Толық тексеруден өтіңіз. Қандай да бір сараптамадан аурудың белгілері байқалса, дереу емделіңіз. Сауықтыру орындарына барыңыз. Ер азаматтар уролог, ал әйелдер қауымы маммолог пен гинеколог дәрігеріне міндетті түрде бару керек.


Бойын әлсіздік билегендер

Толық медициналық тексеруден өту – бойыңызды билеген әлсіздіктің себебін ақтайды. Әлсіздік – жаныңызға батып ауыртпайды, бірақ зардап шектіреді. Әлсіздіктің салдарынан ештеңеге зауқыңыз соқпайды, көңіл-күйіңіз болмайды, жадырап күліп жүре алмайсыз. Таза ауаға шығып жүргенше, төсекке таңылып жатқанды жөн көресіз. Өйткені аяқ-қолыңызды, бойыңызды, денеңізді тұсаулап тастаған әлсіздік тез шаршатады, қалжыратады.

Сондай-ақ, артық салмақ та, керісінше еш себепсіз тым арықтау да толық тексерілуден өтуді талап ететін жағдай екенін ескеріңіз.


Қатерсіз дертке шалдыққандар

Әсіресе сараптама нәтижесінде жылауық (киста) немесе түймешік (полип) бар деп анықталған науқастарға міндетті түрде жылына бір рет толық тексерілуден өту керек. Егер ауруыңызға мән бермесеңіз, ол қатерсізден, қатерліге ауысып кетуі ғажап емес. Айықпас дерттің алдын алу өз қолыңызда.

фото: ok.ru


Қанында тұқымқуалайтын ауру болса

Деніңіз қаншалықты сау болса, соншалықты сақтанғаныңыз абзал. Егер әулетіңізде тұқымқуалайтын ауру болса, сізді айналып өтуі мүмкін емес. Ондай жағдай өте сирек кездеседі. Сол себепті, мейлінше жыл сайын тексеріліп, жағдайыңызды біліп отырыңыз. Әсіресе, қант диабетімен, онкологиялық аурумен және жүрек-қан тамыр ауруымен күресіп жүріп, жан тапсырған туысыңыз болса, сізге ойлану керек. Одан бөлек, қаныңызда алыстан нашар көрушілік (миопия), қанның ұюының нашарлығынан қан тоқтамау (гемофилия) және бас сақинасы (мигрень) болса, онда тексерілуді кейінге қалдырмаңыз.


Өлімге әкелетін жаман әдетке әуес жандар

Жаман әдетпен күресу – өмір үшін күресу болып саналады. Егер оны жеңе білсеңіз, нағыз жеңімпаз болғаныңыз. Жаман әдетті жеңу арқылы бірталай аурудың алдын алатыныңызды біліңіз.

Мәселен, темекі шегетіндердің басым көпшілігі онкологиялық және өкпе ауруларына шалдығады. Ал алкогольге тәуелділердің асқазан-ішек жолдары, орталық жүйке жүйесі, бауыр, бүйрек секілді ағзалары зардап шегеді.


Ұзақ әрі салауатты өмір сүру үшін медициналық толық тексерілуден өтуге тиіссіз. Өз саулығына мұқият болған адамның жаны да, тәні де ауырмайды. Сондықтан да тексерілуден өтуді жылына бір немесе екі рет атқаратын өзіңіздің сүйікті ісіңізге айналдырыңыз. Сонда саулығыңыз сақталады.


Дереккөз: msk.ramsaydiagnostics.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СТРЕСТЕН мына ТОҒЫЗ түрлі АУРУ пайда болады


КҮКІРТІ жоқ СІРІҢКЕ терідегі СҮЙЕЛДІ кетіреді


ПИЯЗ бен СУ – ішекті ҚҰРТТАН тазалайды