​ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керектігін БІЛЕСІЗ БЕ?

0
7 817

Бұл дәрумендерді ішу өте маңызды екенін ескеріңіз


​ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керектігін БІЛЕСІЗ БЕ?

фото: domashniy.ru

Қыс – ағзаның сыналатын мезгілі. Бұл кезде күн нұрының аздығы, ылғалдылық, жеміс-жидектің тапшылығы ағзаны айтарлықтай әлсіретеді. Әлсіз ағзаның аурумен күресуге қабілеті болмайтыны белгілі. Сондықтан да дәрігерлер ағзаның саулығын сақтау үшін, сыртқы келбетіңіздің сұлулығын қорғау үшін, көңіл-күйіңізді көтеру үшін дәрумендер жиынтығын ішуге кеңес береді.


Қыста ағза қандай дәруменді қажет етеді?

Дәрументапшылығы адамды қалжыратады, әлсіздендіреді, жұмыс істеуге қабілетін нашарлатады, артық салмақ жинауға әкеледі. Сондықтан да біз ұсынған дәрумендерді дәрігеріңізбен ақылдаса келе, уақытымен қабылдауға әрекет етіңіз.

фот: Яндекс.Дзен

А дәрумені

Ретинол – көздің көру қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, суыққа, бактерия мен вирусқа қарсы күресуге қабілетті келеді. Егер сіз А дәруменін қабылдауды бастасаңыз, онда:

  • иммунитетіңіз көтеріледі;
  • жалпы жағдайыңыз жақсарады;
  • теріңіз тегістеледі;
  • бауырдың жұмысы реттеледі.

А дәруменінің қайнар көзі болып табылатын азықтар:

  • қарақұмық ботқасы;
  • сүт өнімдері;
  • өрік;
  • қызанақ;
  • жұмыртқа.


C дәрумені

Аскорбин қышқылы иммундық жүйені нығайтады әрі антиоксидант қызметін атқарады. Егер ұйқыңыз қанбай, бойыңызды дел-салдық дендеген болса, онда С дәруменін ішіңіз. Аталған дәрумен:

  • авитаминоз тапшылығынан қорғайды;
  • депрессияға шалдықтырмайды;
  • буын ауруын болдырмайды;
  • тіс жегісінің қанауын тоқтатады.

Аскорбин қышқылын – қырыққабаттан, лимоннан, итмұрыннан, құлпынай мен қарақарақаттан табасыз.


Е дәрумені

Токоферол – сұлулықтың дәрумені деп танылған. Бұл дәрумен миды оттегімен қамтып, стресс алудан сақтайды әрі жүйке ауруларынан қорғайды.

Е дәруменін брокколидің, сәбіздің, жұмыртқаның, бауырдың, өсімдік майының, саумалдықтың құрамынан табасыз.


B тобындағы дәрумендер

В1 – көмірсудың алмасуын жақсартады әрі ағзаның қуатын арттырады;

В6 – жүйке жүйесін емдейді әрі депрессияға түсуден сақтайды;

В9 – физикалық форманы қалпында сақтауға ықпал етеді;

В12 – ерте қартаюдың алдын алады. Сонымен қатар, ұйқышылдықтан, әлсіздіктен арылтады.

Егер сіздің ағзаңыз В тобындағы дәруменге зәру болса, онда еріннің айналасы тілімденіп, терінің саулығы нашарлайды.

Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін горох, қарақұмық, бауыр, қызылша тағамдарын көбірек жеңіз.

фото: nosecret.me


Д дәрумені

Ішекті кальций және фосфор элементімен қамтиды. Сондай-ақ, сүйек пен тістің саулығын арттырады. Аталған дәрумен қыста өте қажет болады. Ал бұл дәруменнің тапшылығы айтарлықтай жағымсыз жағдайларға әкеледі.

Д дәруменінің жетімсіздігі:

  • баланы рахит ауруына шалдықтырады;
  • физикалық және ақыл-ойдың дамуына кері әсер етеді;
  • тырнақ, шаш, тері, сүйек ауруларының асқынуына әкеледі.

Аталған жайсыздықтан сақтану үшін – сүт өнімдерін, жұмыртқаны, майды, балық майын, теңіз өнімдерін көбірек жеуге тырысыңыз.

Ағзаны Д дәруменімен байыту үшін:

Күн көзіне көбірек шығыңыз. Ауаның салқындығы, жердің қар басуы, сізге және кішкентайыңызға күннің нұрын алуға кедергі болмау керек. Мейлінше сыртқа шығып жүруге тырысыңыз.

Аталған дәруменнің жетімсіздігінен – ұйқышылдық, қызыл жегінің қанауы, жиі суықтап ауру, иммунитеттің әлсіздігі, шаштың түсуі, терінің құрғауы, жұмыс істеуге қабілеттің төмендеуі, тәбеттің жоғалуы, еріннің жарылуы көрініс береді.


Қыста ішуге ұсынылатын дәрумендер:

Бұл дәруменді ішуден алдын міндетті түрде дәрігермен ақылдасып алған жөн.

АЕВИТ – құрамы ретинол мен токоферолмен байытылған капсула түрінде болатын дәрумен. Бұл дәруменді;

  • ағзаны Е және А дәруменімен байыту үшін;
  • диарея мен инфекциялық аурулардан емделу үшін;
  • еш себепсіз салмақтың азаюы кезінде;
  • стрестен сақтану үшін;
  • темекіні тастау үшін ішу ұсынылады.

ЕСКЕРІҢІЗ! Аевит дәруменін емізулі аналарға, жүктілерге, аллергиясы барларға және 18 жасқа толмағандарға ішуге болмайды.


АЛФАВИТ КЛАССИК – үш түсті таблетка түрінде болады.

Біріншісі – ақ. Құрамы – Д3, В12, Н, К1 дәрумендерімен, фолий қышқылымен, кальций және хром элементімен қамтылған.

Екіншісі – ашық көк. Құрамында мырыш, йод, молибден, селен, мыс, магний, ретинол, токоферол және С, В2, РР, В6 дәрумендері кездеседі.

Үшіншісі – ал қызыл. Құрамынан кальций, хром элементтерін, К1, Н, В12, Д3 дәрумендері мен фолий қышқылын алуға болады.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Ақ түсті дәруменді – таңертең, ашық көк пен ал қызылды – күндіз және кешке ішу керек.

фото: freshinfo.net


Алфавит Классик дәруменін мына жағдайда ішуге кеңес беріледі:

  • миға көп салмақ салғанда;
  • физикалық жүк көтергенде;
  • жасөспірім жаста;
  • жүктілік кезеңде;
  • отадан соң;
  • қан қысымын қалпына келтіру үшін;
  • еркектік қабілетті арттыру үшін;
  • жүйкені тынықтыру үшін ішу ұсынылады.

Одан бөлек, КОМПЛИВИТ, ВИТРУМ, МУЛЬТИ-ТАБС ИММУНО ПЛЮС деген дәрумендер жиынтығы бар. Әрқайсысының емдеу қабілеті, ішу тәртібі әртүрлі. Сондықтан да кез келген дәруменді ішуден алдын міндетті түрде дәрігермен ақылдасып алыңыз.


Дәруменді ішу тәртібін білесіз бе?

Дәрінің де, дәруменнің де ішу тәртібі болады. Бірін тамақтан алдын ішсе, екінші түрін тамақтан соң немесе тамақпен бірге ішу керек. Алайда қайсы дәруменді ішетін болсаңыз да, тамақпен бірге қабылдау керектігін ұмытпаңыз. Сонда асқазан мен ішектің жұмысына кері әсеріңізді тигізбейсіз.

Бұл дәруменді ішу арқылы кез келген дертіңізге дауа табасыз деген сенімдеміз. Қыстың суығы жаныңыз бен тәніңізді суытпасын!


Дереккөз: poleznii-site.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Несептің ТҮСІ мен ИІСІ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз


ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз