​Несептің ТҮСІ мен ИІСІ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

0
30 470

Несептің өзгеруі – қандай да бір аурудың белгісі болып табылады. Жедел түрде тексеріліп, қажетті ем-шараларын алу керек.


​Несептің ТҮСІ мен ИІСІ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

фото: bikinimal.ru

Несеп – биологиялық сұйықтық. Оның жағдайы саулығыңыздан хабар береді. Бәріңіз де білесіздер, қай ағзаңыз ауырып дәрігерге барсаңыз, алдымен несеп талдауын жасатады. Соның нәтижесіне қарай сізге ем жүргізеді. Демек, сіздің саулығыңыздың деңгейін несеп сараптамасы анықтап береді деген сөз.


Жалпы, дені сау адамның зәрінің түсі ашық сары болуы тиіс. Ал сұйықтықты көп ішетіндердің несеп түсі ашық түске боялады. Кейде жеген тамағыңыз бен ішетін сусыныңыз да несеп түсінің өзгеріне себеп болады. Мәселен, қызылша зәрдің түсін алқызыл түске ендірсе, ал сәбізді көп жегендердікі қызғылт сары түске боялады. Ішкен дәрілер де зәрдің түсінің өзгеруіне себеп болады.

фото: waffleon.cc

Десе де, зәр түсінің өзгергеніне жайбарақат қарауға болмайды. Оның түрлі түске өзгеруі мына дерттен дерек береді. Айталық:

  • Қою жасыл немесе қоңырқай түс – билирубиннің көбейгенін білдіреді. Бұл кезде бауырды тексерту керек. Мүмкін гепатит, цирроз ауруларының басталғанын немесе өт қабына тас байланғанын байқатады.
  • Бұлыңғыр қызыл түс – гломерулонефрит (бүйректің қандағы қалдықтар мен сұйықтықты сүзуге жауапты бөлігінің зақымдануы) ауруын айғақтайды.
  • Лайланған сары немесе қызыл сары – пиелонефриттің (бүйрек және бүйрек түбінің қабынуы) басталғанын білдіреді.
  • Қанық қызыл түс – бүйректің шаншып ауруы кезінде пайда болады.

Несептің түсі көп жағдайда бүйрек ауруына байланысты өзгеріп тұрады. Оның өзгеруіне нақты не себеп болғанын сараптама жасатып қана білуге болады.


Несеп мөлшері қандай болу керек?

Тәулігіне шыққан несеп мөлшері несеп шығару және жүрек қан-тамыр жүйеснің саулығын білдіреді. Дені сау адамның несеп мөлшері тәулігіне 1,5-2 литрдей болу керек. Егер сұйықтықты көп ішсеңіз немесе ақуызға бай тағамдарды көп жесеңіз, онда несеп мөлшері көбейеді. Ал сұйықтықты аз ішсеңіз немесе тұзды көп қабылдасаңыз, онда несеп мөлшері азаяды. Сонымен қатар, зәрдің азаюына физикалық ауыртпалық, дене қызуының көтерілуі, іш өту, құсу, терлеу секілді жайсыздықтар да несептің азаюына ықпал етеді.


Несептің иісі нені білдіреді?

Егер кіші дәретке барған кезде қандай да бір иісті байқасаңыз, тексерілуге асығыңыз. Өйткені иіс де көп аурудың бірі болуы ықтимал.


Ацетонның иісі шықса

Ағзаға көмірсу жетіспеген кезде зәрдің иісі өзгере бастайды. Қанға бірнеше кетон (ацетон) түседі де, несеп арқылы сыртқа шығады. Нәтижесінде несептен ацетонның иісі шығады. Оған:

  • ұзақ уақыт диета ұстау себеп болады. Өйткені диета ұстаған кезде тамақпен бірге суды да шектеп қоямыз. Ағза қажетті сұйықтықты алмаған соң майды, ақуызды, көмірсуды қорек етеді де, нәтижесінде ағза қажетті заттарға мұқтаж болады.
  • дене қызуының көтерілуі;
  • тұрақты физикалық жұмыспен айналысу;
  • ағзаның улануы;
  • ұйқы безінің қабынуы;
  • қант диабеті аурулары себеп болады.


Аммиактың иісі шықса

  • ағзаның сусыздануы;
  • көп терлеу;
  • іш өту;
  • құсу;
  • несеп жолдарының суықтауы несептің иісін қышқылдандырады.

Сонымен қатар:

  • цистит;
  • пиелонефрит (бүйректің қабынуы);
  • бел ауруы;
  • жалпы жағдайдың нашарлауы – әлсіздік, құсу, тәбеттің төмендеуі;
  • несеп жолындағы қатерлі ісік;
  • туберкулез ауруы несептің иісін өзгертеді.

фото: tvoyapechen.ru

Сасып кеткен жұмыртқаның иісі шықса:

Егер алкоголді ішімдікті көп ішсеңіз немесе ащы тағамдарды көп жесеңіз, онда зәрден күкіртсутектің иісі шығады. Ал егер сасыған жұмыртқаның иісі шықса онда мына аурудың басталғанын айғақтайды:

  • пиелонефрит;
  • бүйректің жетімсіздігі. Бұл ауру – жалпы жағдайды нашарлатып, тері мен көздің ағын сарғайтып, қызыл иекті қанатып көрініс береді;
  • несеп жолдарының қабынуы;
  • ішек аурулары несептің иісін жағымсыз етеді.


Дәрінің иісі шықса:

Бұл қорқынышты жағдай емес. Егер «Ампициллин», «Аугментин», «Пенициллин», «Цефтриаксон» сынды антибиотик немесе B тобындағы дәруменді қабылдаған болсаңыз, онда несептен дәрінің иісі шығары сөзсіз.


Қандай тағамдар несептің иісін өзгертеді?

Пияз, сарымсақ, қояншөп, ақжелкек, карри, зире, кардамон несептің түсін өзгертеді.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз


ҚЫЖЫЛДАН бір-ақ күнде ҚҰТЫЛУҒА болады


ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз