Бір емес, бірнеше жағынан пайдалы болып келетін жылау қандай аурудың белгісі екенін білгіңіз келе ме? Олай болса, назар аударыңыз...
фото: meteoronamoonlessnight.blogspot.co
Жылау – адамның еркінен тыс болатын жағдай. Медицина мамандары көзден аққан жас көз жанарын жуады, тазалайды әрі эмоцияны шығаруға ықпал етеді дегенді айтады. Адамның жаны жабырқағанда, біреуге өкпелегенде, ренжігенде, ашуланғанда еркінен тыс жылайды. Жылау арқылы барлық ауыртпалықтың жеңілдегенін сезеді. Бұл жақсы шешім екенін мамандар жоққа шығармайды. Ал кейбір адамдардың еш себепсіз жылағысы келетін кездері болады. Бұл ненің белгісі? Қандай қауіптен дерек береді? Осы туралы мақалада тарқатып айтамыз.
Жылаудың қандай пайдасы бар?
Жылау арқылы адам ағзасы күш алады. Жүйке жүйесі тынышталып, жаны жадырайды. Одан бөлек, қан қысымы реттеліп, тыныс алуы жақсарады, беттің бұлшықеті өздігінен жиырылады, мойын мен иықтың бұлшықеті ширығады. Көздің қан тамырлары тазарып, өкпе қажетті оттегіні алады. Ең бастысы, жаныңызды жаралаған жара жазылып, тынышталасыз.
Ендеше, бір емес, бірнеше жағынан пайдалы болып келетін жылау қандай аурудың белгісі екенін білгіңіз келе ме? Олай болса, назар аударыңыз...
фото: medaboutme.ru
ЕТЕККІР уақыты
Өздеріңіз білетіндей, тікелей әйелдер қауымына қатысты жағдай. Еттеккір келетін уақыттан алдын адамның жылағысы келеді екен. Әсіресе, осы уақыт қиын жағдайда өтетіндерде көрініс береді. Бұл қандай да бір гормонның жетіспеуінің белгісі. Етеккір келетін кезде адамның бойын ашу кернеп, ызаға булығады. Бір нәрсеге алаңдап, жаны жай таппайды. Жүйкесі жұқарып, айналасынан ілік іздеп отырады. Бұл ауыртпалықтан жылау арқылы құтылатыныңызды біліңіз. Осы кезде кейбір нәзікжандылар еш себепсіз көз жасына ерік береді.
ЖҮКТІЛІК пен БОСАНҒАННАН кейінгі уақыт
Бұл әйел өмірінде кездесетін екінші жағдай. Осы екі кезеңде әйел еш себепсіз жылағысы келеді. Жүкті келіншектер болмашыға ренжіп, ашуланып бұртия қалатынды әдетке айналдырады. Бұлай көңілдің босауына жүктілік әсер етеді. Десе де, еркінен тыс орын алатын бұл жағдайға жақындары мейлінше түсіністік танытулары тиіс.
Екінші кезеңде, жаңадан босанған ананың жағдайында кездеседі. Сәбиімен қоса, егіліп отыратындар да бар. Жаныңыздың ауырғанынан жыламайсыз. Мұның бәрі сіздің еркіңізден тыс болады.
Дәрігерлер еш себепсіз жылау босанғаннан кейін екі аптаға созылса, бұл қалыпты жағдай екенін айтады. Ал егер одан ары қарай жалғасып, адам көз жасын тия алмаса, міндетті түрде психолог дәрігердің қабылдауына жазылуы тиіс. Бұл депрессия алғанның белгісі екен. Бұл кезде жас ананың ұйқысы бұзылады, есте сақтау қабілеті нашарлайды, созылмалы шаршауға тап болады, қуаты азайып, әлсіздік билейді. Тіпті, бөпесіне де көңіл бөлмейтін кездер болады. Бұл депрессия алған анада болатын бірінші қауіп.
Көптеген әйелдер осы жағдайдан шығу үшін жалғыздықты серік етіп, көз жасына ерік береді.
фото: elikahamile.com
ЭМОЦИЯНЫҢ бұзылуы
Бұл ми зақым алған кезде немесе неврологиялық ауруға тап болғанда орын алады. Эмоциялық соққы алған адам айқайлап жылайды, сол мезетте қарқылдап күлуі де ықтимал. Бұл жағдайға тап болған науқасқа ең алдымен тыныштық ем болмақ. Бұл адамды ашуландыру, сабырға шақыру, ұрсу текке кететін әрекет екен.
МАЗАСЫЗДАНУ
Жүйке жүйесі бұзылған адам секемшіл, күдікшіл келеді. Одан бөлек, көңілі бос болады. Жеңіл жағдайдан да жол тауып шыға алмайды. Бейне бір әлем оған қарсы тұрғандай сезіледі. Адамның көзқарасынан, сөзінен, назарынан мазасызданады. Бойын үрей билеп, жасқаншақтанады.
Бұндай жағдайды басынан өткізіп жүргендерге терапевт дәрігерге тексерілуге кеңес береміз. Өйткені бұл жағдай тыныс алу жолдарының, жүректің, асқазан, ішек жолдарының ауруының бірден бір белгісі болуы мүмкін. Сондай-ақ, тершеңдік, ұйқының бұзылуы, созылмалы шаршау да адамға жайсыздық сыйлайды.
ДЕПРЕССИЯ
Адам өзінің қай кезде депрессия алғанын байқамайды. Оны шаршаумен, көңіл-күйінің жоқтығымен шатастырады. Әдетте, адам бір күнде емес, бірнеше күнде депрессияға тап болады. Оның бірінші себебі – қай кезде болса да көңілі бұзылып, жылағысы келіп тұрады.
Депрессия алған адамның тамаққа тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылып, үнемі ашуланып жүреді. Өзін кінәлі сезініп, бойын қорқыныш билейді. Белсенділігі төмендеп, өзінен өзі оқшауланады. Ең қорқыныштысы, өз-өзіне қол жұмсау ойына шырмалады.
Мұны қалай жеңуге болады?
Себепсіз жылау емделмейтін ауру емес. Оның ең бірінші әрі тиімді емі – өзіңіз екенін біліңіз. Мейлінше, бұл ауыр жағдайдан шығу үшін етегіңізді жасқа толтырмай өзіңізді қолға алыңыз. Ол үшін:
Терең тыныс алыңыз
Ішіңізбен дем алыңыз. Мұрныңызбен ауа жұтып, қарныңызбен жіберіңіз. Осылайша 5 рет қайталаңыз. Сосын аузыңызбен ауа жұтып, қарныңызбен жібересіз.
Бұл әдістер тамақтың, өкпенің жолдарын тазалап, беттің бұлшық етін шынықтырады.
Күліңіз
Тым құрығанда, күлімдеңіз. Күлу – көптеген дерттің дауасы екенін біліңіз. Күніне 3 рет қатты қуанған сәттегідей күліңіз. Сонда өзіңізді жайлы әрі қауіпсіз сезінесіз. Күлу – көздегі жасты құрғатады әрі жағымсыз эмоциядан арылтады.
фото: ok.ru
Шымшу
Өзіңізді шымшып бірнеше минут тұрыңыз. Әсіресе, саныңызды, иық тұсыңызды шымшыласаңыз, керемет пайдасын тигізеді.
Су ішіңіз
Мейлінше аз-аз жұтымнан көбірек су ішіңіз. Ашуланғанда, жабырқағанда, қамыққанда су ішіңіз. Оны емі – су.
Жылау арқылы түрлі емнің алдын аласыз. Сонымен қатар, жылау түрлі дерттің дендеуіне де себепші болады. Мұндай қауіптің алдын алу үшін психотерапевт, невролог және эндокринолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Дәрігердің нұсқауымен ем қабылдап, жүйелі ем жүргізсеңіз, қандай қауіпті ауру болса да жеңетініңізге сеніңіз.
Дереккөз: medaboutme.ru
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады
Мына ЖЕТІ ауру мазалағанда АПЕЛЬСИН қабығын қолданыңыз