​СЕМІЗДІК пен АУЫР ЖҰМЫС артритті асқындырады

0
6 391

12 қазан - Дүниежүзілік артритпен күрес күні. Өкінішке орай, бүгінде артритпен ауыратындар саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Демек, бұл дертпен танысып, аурудың алдын алған артық болмас.


​СЕМІЗДІК пен АУЫР ЖҰМЫС артритті асқындырады

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Артритпен бір рет ауырған адам оны мәңгіге есте сақтап қалады. Иә, бастапқыда аса мән бере қоймайтын бұл дерт адамда өте жағымсыз, ауыр әсер қалдырады.

Өкінішке орай, бүгінде артритпен ауыратындар саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Демек, бұл дертпен танысып, аурудың алдын алған артық болмас. Ең болмағанда, буын аруруына қатысты мына 5 жайтты білген адам артритке шалдықпаудың амалын қарастыра алады.


АРТРИТтің түрі көп, бұл тек ортақ атауы ғана

Иә, дәл солай. Артрит – бірнеше түрге бөлінеді. Оның ішінде ең көп кезедесетіні – ревматоидті және дегенеративті түрлері. Сол сияқты, псориаздан зардап шегетіндер оның псориатикалық артритпен де ауыруы мүмкін. Бұлардан басқа да түрлері бар.

Аурудың тұқым қуалайтын қасиеті де басты себептердің бірі. Бұл турасында Канадалық медицина саласын зерттеушілер егер отбасы жағдайында әйелде артрит болса, оның ұрпақтарына берілу мүмкіндігі 20% және одан жоғары болатын көрінеді. Бірақ еркектерден ұрпағына берілуі неге сирек кездесетіні әзірге құпия болып отыр екен.

Арттриттің түрлері буын айналасы ұлпаларында қабыну процестерінің әсерінен асқынады. Ал дегенеративті түрі буынның қаусай бастағандығы әсерінен болады.

Демек, артритті емдеу үшін алдымен қай түрі екендігін нақтылап алған абзал. Бұл жағдайда тек білікті дәрігер ғана көмектесе алады.


АРТРИТ жасқа қарамайды

«Жап-жас болып қайдағы ауру?» деген сөз артритке келгенде жүрмейді. АРТРИТ – жас талғамайды. Өкінішке орай, бүгінде бастауыш мектеп жасындағы балалардың да арттритке шалдығып жатқандықтарын кездестіруге болады. Осы жағдайды есепке алғанда, артриттің кез келген жаста асқынып кету қаупі бар екендігіне көз жеткіземіз.

Статистика бойынша, әдетте артрит адамдарда 30-50 жас аралығында пайда болады. Бірақ 16 жасқа дейінгі балалардың ювенилді артритпен тіркеліп жатқандығы аз емес.

Егер тізе, шынтақ немесе басқа да буындар ауыра бастаса, ісініп кетсе немесе дұрыс бүгілмей жатса, бұл арттриттің алғашқы белгілері болуы мүмкін. Мұндай да тез арада (уақыт өткізбей!) дәрігердің тексеруінен өтіп, қажетті емді ертеден бастау қажет. Аурдың алғашқы белгілері білінісімен оның жасына қарамау қажеттігін ескерте айтады мамандар.


Қазақстанда артрит дерті – көп тараған аурулардың алдыңғы тобына кірген.

Әлемде арттрит дертімен ауырғандардың саны бойынша алдыңғы орында – Гремания. Жергілікті халықтың 38%-і артриттен зардап шегетін көрінеді.

Одан кейінгі орында Австралия болса, келесісі – Ресей. Ресей халқының 22%-і артритпен етене таныс, бұл әрбір төртінші ресейлік тұрғын деген сөз.


АРТРИТ – тек тізе мен саусақтар ғана емес!

Артритке тек тізе немесе шынтақ қана ана емес, барлық буындар шалдығуы мүмкін. Қауіпті дерт тіпті, омыртқа, жақ сияқты сүйектер буынында да пайда болады.

Мәселен, подагралық артрит көбіне табан буындарында болса, Бехтерев дерті немесе спондилоартит көбінше омыртқаны зақымдайды. Псориатикалық арттриттің «көздегені» - ұсақ буындар.

Бұл жерде де айта кететін жайт – артрит тек буындарды ғана зақымдап қоймай, басқа дене мүшелеріне де зиянын тигізеді. Ревматоидты түрі буынмен қоса теріні, өкпе мен көзді, бүйрек және жүрекке де айтарлықтарын әсермі мен зақымын келтірмей қоймайды. Мұндай әсердің түбі жүректің қан айналымын реттеу қызметін бұзса, соның кесірінен ревматоидты байламдар түзіліп, өлімге соқтыруы да мүмкін.


Жарақат алу – АТРИТті асқындырады

Кез келген жарақат алу, әсіресе тікелей буындарды жарақаттау – арттриттің асқынуының себебі болуы да ғажап емес. Буынның қызметіне кедергі келтіретін кез келген жағдай оны ушықтырушы болып табылады.


Ауыр жұмыс пен артық салмақ – АРТРИТті асқындырады

Иә, орынды айтылған тұжырым. Ауыр жұмыс пен артық салмақ кезінде барлық күштің буындарға түсетіні белгілі. Осы орайда айта кету керек, жүктілік кезінде салмақ қосу – аяғы ауыр әйелдерде артриттің пайда болуының бір себебі болады алады.

Бұдан бөлек, сүйек пен буынға түсетін артық салмақ нәтижелі емделуге де кесірін тигізетінін айтпай кетуге болмас. Салмағы ауырларға жеңілдерге қарағанда артритке қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер аз әсер етеді.

Сондықтан, артритке шалдыққанда ең бірінші емді артық салмақ тастаудан бастап, қосымша жүк болатын қоң жинап алмаудан сақтанған жөн.


АРТРИТтің алдын алуға бола ма?

100% болмаса да, артритке шалдықпаудың амалын соған жетеғабыл жасауға болады. «Сақтанғанды сақтайды» емес пе?!

  • Қашанда денені шынықтырып, буындарға артық салмақ түспейтін жағдай жасау қажет.
  • Дұрыс тамақтанудың алатын орны маңызды.
  • Көбірек қимылдап, буындардың дұрыс қызметін атқаруға мүмкіндік берген дұрыс. Секіру мен жүгіру немесе скандинавиялық жүру әдісі артритке шалдықтырмайтын тамаша мүмкіндік. Сол сияқты, жүзу мен өзге де салмақ салмайтын дене жаттығулар ретін жасақтап алып, жүйелі орындап тұру керек.
  • Салқындап қалудан сақ болу қажет. Буындардың қабынуына әкеп соғатын бір себеп – салқын тигізу. Әсіресе, қыста және күзде, көктемнің алғашқы айында абай болған жөн.
  • Салауатты өмір салтын ұстанудың ең қарапайым ережелерінің өзі АРТРИТтен сақтай алады.

Мақалаға әртүрлі басылымдардан мәлімет алынды

Ә.Уалиханқызы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

Бас айналу - қандай дерттің белгісі?

Әжетхана қағазынан қандай ауру жұқтыратыныңызды білесіз бе?