​ЫҚЫЛЫҚТЫ тоқтатудың БЕС амалы

0
15 271

Ықылыққа көңіл бөлмесеңіз, қауіпті ауруға ұласуы ықтимал


​ЫҚЫЛЫҚТЫ тоқтатудың БЕС амалы

фото: luckclub.ru

Ықылық – біздің еркімізден тыс пайда болатын рефлекс. Ол жас та, орта да таңдамайды. Енді дүниеге келген сәбиге де ықылық тиеді. Дастархан басында да ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Оны елеусіз қалдыруға болмайды. Иә, біраз мазалаған соң басылады. Дегенмен де, ықылықтың неден пайда болатынын біліп, оны болдырмаудың амалын қарастыру маңызды. Себебі ықылық та қандай да бір дерттің белгісі болуы мүмкін. Сонымен неге адамға ықылық тиеді? Оны қалай тоқтау керек? Осы және өзге де маңызды мәліметтермен бөлісеміз...


Неге адамға ықылық тиеді?

Қабырға аралық бұлшықеттердің және диафрагманың жиырылуына байланысты адамға ықылық тиеді. Осы кезде өздігінен өткір тыныс пайда болады да көмей бітеліп қалады. Сол мезетте адам ықылықтай бастайды. Ықылық тигенде өзіңізді жайсыз сезінесіз. Себебі ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу және басқа жүйелердің жұмысына әсер етеді.

фото: medaboutme.ru


Ықылық неден пайда болады?

Ықылық жүйкенің тітіркенуінен немесе қысылуынан пайда болады. Бұл ауаның асқазанға енуіне, тым үлкен тағам бөліктерін жұтуына немесе ыңғайсыз қимылдағанда болуы мүмкін. Жүйке жүйесінің зақымдануы бүкіл дене үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, сондықтан өзін қорғау үшін диафрагманың ырғақты жиырылуын тудырады.


Ықылықтың пайда болуына:

  • газдалған сусындар;
  • ыстық немесе салқын тағам;
  • асығыс немесе тойып тамақтану;
  • күлгенде ауа жұту;
  • стресс, қорқыныш;
  • алкоголь ішу себеп болады.

Сонымен қатар, қабыну, метаболикалық бұзылулар, ісіктің салдарынан да ықылық пайда болады. Егер ықылық бірнеше сағат, күн немесе тіпті ай бойы мазаласа, онда міндетті түрде дәрігермен кеңесуіңіз керек.

фото: rtp-news.com

Ықылықты қалай қойдыруға болады?

Егер сізге 5-10 минуттай ықылық тисе, ол денсаулыққа зиян емес. Ұзағымен жарты сағатта басылады. Ал егер жиналыс, басқосу, маңызды кездесу алдында ықылық тиіп қалса, дәрігерге баруға уақыт тапшы. Сол кезде мына әдісті жасаңыз, ықылық бірден тоқтайды:

  1. Деміңізді ұстаңыз. Бұл әдіс ыңғайлы, өйткені оны кез келген жерде және кез келген уақытта қолдануға болады. Бұл әдетте стресстен туындаған ықылыққа көмектеседі. Тыныс алуды 10-20 секунд ұстаңыз, баяу дем шығарыңыз және бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.
  2. Тіліңізді шығарыңыз. Бұл әдісті қолданып көру үшін оңаша жерге барыңыз. Тілді мүмкіндігінше сыртқа шығарып, осы қалыпта біраз уақыт тұру керек. Сондай-ақ, тілдің тамырына қысым жасауға тырысуға болады.
  3. Су ішіңіз. Ең дұрысы, суды түтікше арқылы ішіңіз. Болмаса бір стақан суды аз-аз жұтыммен ішуге болады. Су суық болуы керек.
  4. Дәм рецепторды тітіркендіріңіз. Ол үшін бір тілім лимон, шымшым тұз немесе қантты аузыңызға салып, біраз уақыт ұстаңыз.
  5. Құлағыңызды жабыңыз. Құлақтарыңызды саусақтарыңызбен 20-30 секунд қысыңыз немесе құлақшалардың артындағы жұмсақ жерді басыңыз. Жақсы әсер ету үшін бір уақытта түтікшемен су ішіңіз.


Жалпы, ықылық тигенде дәрігерге жүгірудің қажеті жоқ. Жоғарыда келтірілген әдісті жасап, өзіңіз-ақ күресе аласыз. Ал егер ықылық айға созылса, онда маманның кеңесіне жүгінуге кеңес береміз. Ықылыққа көңіл бөлмесеңіз, қауіпті ауруға ұласуы ықтимал.


Дереккөз: stolichki.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына ТӨРТ әдіс құрғақ ЖӨТЕЛГЕ ем болады


ЛАВР жапырағы балалардағы ДИАТЕЗДІ емдейді


ДӘРІСІЗ қандай ДЕРТТІ емдеуге болатынын білесіз бе?