Ауыл мұғалімі АЛЬПІ ТАУЛАРЫН бағындырып жүр

0
384

Бір ауылдан басталған жол – бүкіл әлемге апара алатынының дәлелі - ұстаз Катерина Умарованың жолы...


Ауыл мұғалімі АЛЬПІ ТАУЛАРЫН бағындырып жүр

суреттер кейіпкердің жеке мұрағаиынан алынды

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылындағы №147 мектептің Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі Катерина Умарова – ерекше ұстаз. Қарапайым ауыл мұғалімі болып көрінгенімен, оның ішкі әлемінде от лаулап, биік шыңдарға жетелейді. Ол – жай ғана саяхатшы емес, нағыз тау бағындырушы мұғалім!


Саяхат – арман емес, нақты жоспар!

Катерина апай шетелге саяхаттап, Альпі секілді алып тауларға шығу үшін арнайы дайындалады. Саяхат – оның күнделікті өмірінің бір бөлігі. Ол демалыс пен жазғы каникулдарды тиімді пайдалана отырып, жылына кемі 1-2 рет шетелге шығуға тырысады. Ол үшін бір жыл бұрыннан бастап жоспар құрып, қаржысын жинай бастайды.


"Менде артық табыс көзі жоқ. Бірақ мен арманым үшін кей дүниелерден бас тартамын: қымбат киім, артық шығын, уақытты бос өткізу. Керісінше, саяхат – менің инвесторым сияқты: өз-өзімді дамытамын, балаларға жаңа көзқарас алып келемін," – дейді Катерина.


Ақшаны қайдан табады?

Міне, оның әдісі:

  • Жазғы демалыс алдында арнайы «саяхат қорын» жасайды.
  • Мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдік турларды зерттейді.
  • Әр елге эконом-класс режімінде, бірақ тиімді бағыттармен барады.
  • Airbnb, hostel сияқты бюджеттік қонақ үйлерді алдын ала брондайды.
  • Көп жағдайда жаяу бағыттарды таңдайды, бұл әрі арзан, әрі пайдалы.


"Саяхатқа бару үшін бай болудың қажеті жоқ. Жоспарлы, ұқыпты адам болу керек", – дейді ол күліп.


Катерина Умарова осы кезге дейін:

Франция мен Швейцария шекарасындағы Монблан тау жоталарына, Словакиядағы Татра тау жотасына, Польша, Чехия, Австрия, Германия елдеріндегі жаяу бағыттарға, Қазақстан мен Қырғызстандағы Тянь-Шань мен Алатау тау аймақтарына шыққан.

Жалпы саны – 10-нан аса тау бағытына шыққан!


Әрбір шыңға шығу – дайындықты, шыдамдылықты және ішкі рухты талап етеді. Бұл саяхаттардың бір ерекшелігі – Катерина оларды мұғалімдік қызметімен қатар алып жүреді. Саяхатқа көбіне жазда, мектеп аяқталғаннан кейін немесе наурыз-күзгі каникул уақытында барады. Мектептегі жұмысын алдын ала жоспарлап, әріптестерімен келісіп, бәрін жүйелі ұйымдастырады.


"Шыңға шыққан сайын ішкі қорқыныштарыңмен күресесің"

Катерина апай әр сапарынан кейін ерекше әсермен оралады. Оқушылары оның фотолары мен видеоларын қызыға тамашалайды. Ал ол сол әсерлерін тарих сабақтарына енгізіп, реалды, өмірмен байланысты білім берудің моделін қалыптастырып жүр.

Сабақтарында:

  • Монбланды мысалға алып, тау халықтарының тарихын талдайды;
  • Словакиядан көрген орта ғасырлық қалаларды тарихи архитектурамен байланыстырып түсіндіреді;
  • Польшадағы екінші дүниежүзілік соғыстың ізі қалған орындарды тарихи шындықпен байланыстыра жеткізеді.

Катерина Умарова – жай ғана мұғалім емес. Ол:

  • Өз ауылындағы балаларға арман мен мақсаттың шекарасы жоқ екенін үйретіп жүр;
  • Ата-аналар мен әріптестерге шығармашылық өмір салтының мүмкін екенін көрсетіп жүр;
  • Қазақстандағы мұғалімнің образына жаңа леп беріп жүр!


“Мен балаларға айтамын: сен ауылда туылсаң да, әлем саған ашық. Менің өмірім – соған дәлел. Арманда, әрекет ет, ал қалғанын Алла береді,” – дейді Катерина Умарова.