Оқуға мотивацияны арттыру үшін не істеуге болатыны туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.
көрнекілік: livingstonschool.ru сайтынан
Оқу – бұл жаңа білім алу мен дағдыларды дамыту үшін маңызды нәрсе. Алайда, кейде оқу мотивациясы төмендеп, кітапты ашқың келмейтін сәттер болады. Оқу мотивациясын арттыру үшін не істеуге болатыны туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.
1. Нәтижені ойла
Бүгінгі оқуға салған бар күш- жігерің ертең қандай нәтижеге жеткізетінін ойла.
Мысалы, "Мен осы сабақтан не үйренгім келеді?" деп өзіңе сұрақ қой, «бұл білім маған болашақта керек болады, немесе менің таңдайтын мамандығымда осыны білу маңызды» деген сияқты нақты мақсатты анықтап ал. Оқысаң, қандай нәтижеге жететініңді жазып, оларды көрінетін жерге қойып қой, сол арқылы үнемі есіңде болады.
2. Өзіңді мәжбүрлеме
Иә, мәжбүрлеп оқу, қинап оқу - ешқандай нәтиже бермейді. Ол ақпараттарды тез ұмытып қаласың, ал көңіл- күйің жақсы болып, қызығуышылықпен оқысаң, ол ақпараттардың есіңде ұзақ сақталуының кепілі бар. Шаршап тұрсаң, демалып алып жалғастыр. 5 минут далаға шығып серуенде, салқын душ қабылда, көңілді музыка қойып, билеп алсаң да болады.
3. Оқыту әдістерін өзгертіп ал
Мотивацияны арттыру үшін оқу әдістерін өзгерт. Мысалы, кітап оқудың орнына ютубтан сол тақырыпқа лекциялар, подкасттар немесе курстар қара. Бұл оқу процесін қызықты етеді. Әрі ішің пыспайды. Оқу материалдарын әр түрлі формада қабылдаған кезде, саған олардың мазмұнын түсіну оңай болады.
4. Кішкентай қадамдардан баста
Үлкен тапсырмаларды орындау кейде қиын болуы мүмкін. Сондықтан, оларды кіші мақсаттарға бөліп, біртіндеп, асықпай орындауға тырыс. Мысалы, егер сенің оқу материалдарың үлкен болса, оны 5 немесе 10 бөлімге бөліп, әр бөлікті жеке-жеке оқуға арналған жоспар жаса. Әрбір бөлімді аяқтаған сайын, өзіңді марапаттауды ұмытпа.
5. Сабақ оқитын орның таза әрі әдемі болсын
Иә, оқу үшін жайлы орта жасау – мотивацияны арттыруда маңызды рөл атқарады. Шуды азайтып, жарық қойып, стикерлер, түрлі мотивациялық сөздер жазып, сабақ оқитың орныңды өзіңіздің жайлы мекеніңе айналдыр. Оқу үшін арнайы уақытты белгілеп, сол кезде тек оқуға ғана көңіл бөл.
6. Ассоциация әдісімен оқы
Мысалы жылдарды, күндерді есте сақтау қажет болса, досыңның туған күніне немесе анаңның туған күніне жақын екенін есіңе сақтап алып, жатта. Сондай-ақ жер-атауларын да солай басқа бірнәрсемен ассоциация келтіріп жаттасаң, еш ұмытпайтын боласың.
Оқу мотивациясы – бұл кез келген оқушы үшін маңызды аспект. Мақсат қою, оқудың пайдасын түсіну, әдістерді әртараптандыру, кіші мақсаттарға бөлініп оқу, жайлы орта жасау, топпен оқу және танымал адамдардан мотивация алу – осылардың бәрі сізді оқуға ынталандырудың тамаша жолдары.
Оқу – бұл қызықты және жаңа әлемге апаратын жол, ал сіздің мотивацияңыз – осы жолды сәтті аяқтаудың кілті!