"Әке-шешем "Ұзатып алсын" деп алдап, сүйгенімнен ажыратып жіберді"

0
385

"Қыздарымның әкесі басқаға үйленіп кетті, ішім удай ашиды..."


"Екі қызым бар, әке-шешемнің үйінде тұрып жатырмын. 2019 жылы өз қалауыммен күйеуіммен қол ұстасып қашып кетіп едім. Сонда ата-анам менің ол жігітке тұрмысқа шығуыма қарсы болды. Әкем қатты ренжіді. «Елдің алдында абыройымызды түсіріп, қашып кеттің. Қолдан ұзатып беремін деген едім, біздің де ағайын-туысымыз, дос-жаранымыз бар ғой» деп қайтадан алып кетпек болды" деп басталыпты ERNUR.KZ порталының редакциясына келген оқырман хаты.


"Мен "Қайтпаймын, бұдан басқа жігітке күйеуге шықпаймын" деп отырып алғанымда әкем шарт қойды. «Жарайды, осы жігітке тұрмысқа шықсаң да, қазір сені алып кетеміз, ұзатып алсын. Той жасап, елдің алдында жүзімізді жарық етіп, ұзатылып тұрмысқа шығасың» деп алып келді өздерімен бірге.

Сондағы алып келгендегі сылтаулары «Ол қайыршы сені қалай асырайды? Қызымыздың ішер асқа, киер киімге жарымай жүргенін көргіміз келмейді» деп қысқасы, екі жақ быт-шыт болып ұрысып, үлкен шу болды. Содан мен үйімдемін, алып қашқан жігітімінің ата-анасы "ұзатып алып келетін жағдайымыз жоқ" деп олар да келмеді.

Солай мен сүйген жігіттімен кездесіп жүрдім ата-анамнан жасырынып. Нәтижесінде аяғым ауыр болып қалды. Ата-анам бұл жайлы білгенде жасанды түсік жасатуды шешті. Мен қарсы болып, қашып кеттім үйден. Қазір егіз қыз босанып алдым. Жастары төртте. Аллаға шүкір деймін, менің жүкті екендігімді білгенде "бәрібір сені ол жігітке бермейміз, одан да жасанды түсік жасатамыз" дегенде келіспедім.

Қыздарымның әкесі де үйленіп кетті. Ақыры маған үйлене алмайды екен, басқа қызға үйленуі керек қой. Мен оны кінәламаймын, бірақ ішім удай ашиды.

Ендігі мәселем - үйдегілер тұрмысқа шық деп қинап жатыр. Қыздарым төртке келді. «Мені қыздарыммен ешкім алмайды, кімге керекпін?» десем, «Біздің айтқанымызды тыңдамап едің, енді отыр қыздарыңды бағып. Өз өміріңді өзің құрттың» деп өзімді кінәлайды.

Осы төрт жылда айтқандарының бәрін істедім, бірақ қайтып келген қыз ешқашан сымайды екен. Қазір ішім алай-дүлей болып жатыр. Үйленбеген бір жігітпен сөйлесіп жүрмін, ол қыздарыма қарамастан, бәрібір сені аламын дейді. Бірақ, оның да тұрмыс жағдайы орташа. Әке-шешем кедей деп менсінбей, тура алдындағы жағдай қайталана ма деп қорқамын. Жігітімнің, оның туыстарының ондай ауыр сөздерді естігенін қаламаймын. Өмір көрген апа-апкелер, не істесем болады, қалай жасаған дұрыс?"