"Жолдасымды қыздарынан қызғанып жүрмін"

0
334

"Маған не көрінді, өзім түсіне алар емеспін"


Сурет: s3.ninifile.com

"Бірінші күйеуіммен мінезіміз жараспай, бір жыл толмай ажырасқанбыз. Сөйтіп мұңайып жүргенде бір жігіт ағасымен таныстым. Өзі менен он жас үлкен. Ол да ажырасқан жігіт, балалары бар. Әйелімен ажырасып кетсе де, балаларымен араласып тұрады. Оларға көмек беріп, әкелік міндетінен қашқан емес" - ERNUR.KZ порталының әлеуметтік желідегі парақшасына алматылық келіншектен келген хат осылай басталыпты.


"Сөзіміз де, көңіліміз де жарасқасын екеуміз бас қосамыз деп шештік. Біз бір-біріміздің сырымызға қанық болып, өткенімізді еске салмауға, жанұямызда жарасым табуға серттескенбіз.

Оның бұрынғы жанұясынан үш қызы бар. Қыздарын жақсы көреді. Кейде үйге әкеліп те тұрады. Сонда менің ішімде бір қызғаныш оянады. Әкелерін қыздарынан қызғанып жатқанымды, мұның дұрыс емес екенін түсінемін. Бірақ сол қылығымды қанша басқым келсе де доғара алмай жатырмын.

Бұрын мұндай әдетім жоқ еді, неліктен бұлай болып жатыр деп өзіме таң қалдым. Сөйтсем, менің аяғым ауыр екен. Қатты қуандым. Аяғы ауыр әйелдің бойында түрлі сезімдердің алмасып тұратынын сол кезде түсіндім. Кейде күйеуіме өкпелеп бұртиып қаламын, кейде оны туған қызынан да, анасынан да қызғанатын халге душар болдым.

Әзірше жолдасым осының барлығына шыдап, бар еркелігім мен есерлігімді көтеріп бағуда. Егер осылай жалғаса берсе ол да бір күні жалығып, қолын бір сілтеп кетіп қалуы мүмкін бе деп те қорқамын."