ERNUR.KZ. Бүгін Шымкенттегі "Rixos Khadisha Shymkent" қонақ үйінде Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында өткен кездесуге екі елден 400-ден астам кәсіпкерлер келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкенттегі "Rixos Khadisha Shymkent" қонақ үйінде Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында өткен кездесуге екі елден 400-ден астам кәсіпкерлер келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Саифназаров, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстандағы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен өзге де кәсіпкерлер қатысып Қазақстан мен Өзбекстанның биснесі бірлескен жобаларды, өнімдерді экспорттау мен импорттауды, инвестициялық ұсыныстарды талқылады.
Іскерлік жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінгі басқосу бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретінінін атап өтті. «Қазақстан мен Өзбекстан – өздерінің тәуелсіздіктерін нығайтып, болашаққа батыл қадам жасап келе жатқан мемлекеттер. Өткен жылдарда қос тараптың дипломатиялық қатынастары өзара сенімге негізделе отырып дамыды. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде жаңаша қарқын алып, уақыт талабына сай жалғасын табуда. Өзбекстан Республикасы Орталық Азиядағы Қазақстанның негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Мәселен, өткен жылы екіжақты сауданың көлемі 30 пайызға артып, 2 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал екі елдің көшбасшылары биылғы жылы сауда айналымын 3 миллиард долларға арттыруды, 2020 жылға қарай 5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуды тапсырды. Сондықтанда қазіргі таңда екі елдің кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсету маңызды. Бүгінгі іс-шара осы айтылған міндеттемелерді жүзеге асыруда септігін тигізері анық. Бұл өзара ынтымақтастыққа және екі ел арасындағы берік бауырластық қатынастарды орнатуға бағытталған тағы бір қадам»,-деді облыс әкімі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ОҚО-да өзбек капиталымен инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мысалы, өткен жылы Бадам индустриялық аймағында газ плиталарын өндіру бойынша цех ашылды. Бұдан басқа, Шымкенттегі индустриалды аймақта инвестиция көлемі 8,6 млн.АҚШ. доллар болатын битум зауыты салынып жатыр. Оңтүстік Қазақстанда осындай жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 959 га қамтитын 11 индустриалды аймақ, сондай ақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ пен Көлік және логистика аймақтары бар.
Бизнес-форум кезінде екі ел кәсіпкерлерініӊ қатысуымен В2В форматында келіссөздер жүріп, бірқатар бағытта іскерлік әріптестікті дамыту мақсатында екі жақты құжаттарға қойылды. Қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді.
Сонымен қоса форумға қатысушылар отандық тауар өндірушілер ұсынған өнімдер көрмесін тамашалады.