Әйел энергиясы таусылса депрессияға түседі
Фото: i.pinimg.com
Ер адам энергияның көп бөлігін әйелінің мейір-махаббаты мен тыныштық сыйлайтын нәзіктігінен алады. Отбасында балалары да анасы арқылы қуаттанады. Сондықтан әйел үнемі энергиясын толықтырып отыруы тиіс. Қалай?
1. Денеңе қамқор бол
Бір әйел қурай бастаған бөлме гүлін ауласына шығарып қойвпты. Ол жайқалып өсіп тұрған дала гүлінен
- Сен қалай сонша жайнап тұрсың? - деп сұрапты. Дала гүлі жауап беріпті:
- Мен жерден ең таза нәрді, күннен ең қажетті сәулені, ауадан ең таза лепті қабылдаймын.
Әйел де сол сияқты, дұрыс тамақтанбаса, табиғат аясында серуендемесе, үйден шықпаса, жеткілікті ұйықтамаса, оның энергиясы азаяды. Өзіңе күтім жаса: таза су іш, құнарлы тамақ же, салқын суға шайын, крем жақ, биле, артық салмақ жинама және өзіңе демалуға мүмкіндік бер.
2. Жүрегіңді қуанышқа толтыр
Тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз. Дәл сол сияқты күлу үшін бақытты болмаймыз, керісінше бақытты болу үшін күліп жүруіміз қажет.
Күлу – ең күшті қуаттандырғыштардың бірі. Айнаға қарап, өзіңе жылы сөз айт, көңілді ән тыңда. Концертке бар.
Жаныңды жылытар сәттерді есіңе ал. Күніне кемінде үш нәрсеге шын жүректен қуанып үйрен. Сонымен бірге балмұздақпен, тәтті шоколадпен, гүлмен өзіңді қуант.
3. Нәзік бол
Бір еркек дана қариядан сұрапты:
- Әйелдің күші неде?
Қария күлімсіреп:
- Нәзіктігінде. Су – ең жұмсақ нәрсе, бірақ қатты тасты да мүжітіп, жолын тауып ағады. Әйелдің нәзіктік күші де сондай, - депті.
Өзіңнің табиғатыңды, жаратылысыңды түсініп, соған сай өмір сүргенде ғана нағыз үйлесімге жетесің. Сенің қуатың – өзіңді толық қабылдауда. Әйелге тән жұмыспен айналыс, кең етек көйлек ки, жүріс-тұрысыңды жөнде, қылықты бол, наздан, еркеле. Өзіңді жақсы көр, бағала.
4. Мейіріміңді шаш
Әйелдік қуатты күшейтудің ең керемет жолы – басқаларға махаббат пен мейірім сыйлау. Балаңды құшақта, күйеуіңді сүй, отбасыңа дәмді ас әзірле, жақындарыңа қамқорлық көрсет, әпке-сіңліне әдемі смс-хат жолда, жүрегіңдегі жылуды таратып жүр. Осының бәрін шын жүрекпен, мейіріммен жасағанда, энергияң арта береді.
5. Әсемден
Әшекей бұйымдар әйелге сән беріп қана қоймайды, ол энергиясын сақтайды. Сондықтан сырға, жүзік, сағат, шашыңа әдемі түйреуіш тақ. Белдік, сөмке сияқты аксессуарларға әуес бол.
Айнаға көп қара, боян, сәнден. Неғұрлым әсемденген сайын энергияң соғұрлым күшейе бермек.
6. Құрбылармен сырлас
Құрбыларыңмен, көрші келіншектермен, абысындарыңмен айына бір рет болса да бас қос. Әпке-сіңліңмен жеңгеңмен кафеге бар. Әйел әңгіметерапия арқылы негативтерінен арылады, энергия алмасады.
Ж. Смағұлова,
Тағы да оқыңыз: