​​​КЕКшіл жансыз ба? ӨЗГЕРгіңіз келе ме? (тест)

0
4 183

Өкпені тез ұмыту немесе ұмыта алмау сізде қаншалықты дәрежеде екендігін байқап көргіңіз келе ме? Міндетті түрде ренжіген адамыңызға кек қайтаруға тырысасыз ба? Өзгеру де өз қолыңызда.


​​​КЕКшіл жансыз ба? ӨЗГЕРгіңіз келе ме? (тест)

Сіз жұбайыңызға (өмірлік жолдасыңызға) қатты ренжідіңіз делік. Қанша уақытқа дейін өкпені іште сақтап онымен сөйлеспей жүресіз? Өз қателігін мойындап, сізден кешірім сұраса ше? Кешіре аласыз ба?


Төмендегі тест арқылы өз сұрағыңызға жауап таба аласыз.


1. Көпшілік жиналған жерде сіздің аяғыңызды біреу басып кетті. Сіздің әсеріңіз?

А) Ештеңе етпейді, ол байқамай қалды ғой - 4

Ә) Ашуланамын - 2

Б) Оған жол беремін - 3

В) Жауап қайтарамын, оның да аяғын басамын - 1


2. Біраз уақыт бұрын араздасып қалған досыңыз сізді тойына шақырып, шақыру хатын жіберді. Не істейсіз?

А) Қобалжимын - 1

Ә) Анық ашуланамын - 2

Б) Досым үшін өкпені ұмытып, бақыт тілеймін - 3

В) Оның жұбы кім екен, маған қызық. Тойға барамын - 4


3. Жұмысқа орналасу үшін келген үміткерлердің арасында сізбен сөзге келіспей қала беретін танысыңыз бар. Сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?

А) Сұхбаттасу ойдағыдай өтуіне атсалысамын - 3

Ә) Оның сұхбаттасудан өтпеуі үшін бар мүмкіндігімді пайдаланып, өзімді көрсетуге тырысамын - 1

Б) Оны осы жерде көріп тұрғаным үшін қуанғанымды жасырмаймын - 2

В) Маған келіп-кетері жоқ - 4

4. Ұзақ уақыт бойына көріспеген досыңызды жолықтырып қалсаңыз...

А) Қайда жүргені, неме айналысатыны туралы сұраймын. Ол мен үшін әлі де қызық - 2

Ә) Қуанышымды жэасырмаймын - 3

Б) Ол мен үшін маңызды емес, сонда да ырымын жасап амандасамын - 1

В) Досымды сағынғанмын, онымен ұзақ әңгімелесуге дайынмын - 4


5. Күйеуіңіздің (әйеліңіздің) біреумен хат алмасып отырғанын көріп қалдыңыз...

А) Қызғанамын, ашуға берілемін - 4

Ә) «Бұл бар болғаны смс қой», ашуланып қайтем? - 3

Б) Мұндайды қайталамауын сұраймын - 2

В) Маған сенімсіздік танытқаны үшін ренішімді білдіремін - 1


6. Уақытша жұмыссыз қалған жақындарыңыздың бірі сізді «дұрыс есеп жүргізе алмайды» деп айыптаса...

А) Жеке мәселелеріме араласпауын сұраймын - 2

Ә) Ашуланамын - 1

Б) Олар әдейі осылай айтатынын білемін, сондықтан, көңіл аудармаймын - 4

В) Оның нені айтқысы келгенін, не түсіндірмек болғанын тыңдаймын - 3


7. Сіздіңше, кешіру бұл...

А) Біреудің тағдырын өзгерту - 3

Ә) Алға қадам басу - 2

Б) Жағымсыз жағдайларды ұмыту - 1

В) Мазасыз ойлардан азат болу - 4


8. Өзінің қателігіне өкінген жақыныңызды көріп қандай ой түйесіз?

А) Ол үшін ашынамын - 1

Ә) «Егер ол бұлай жасағанда ғой» деген ой қалыптасады - 4

Б) Түсінуге тырысамын. Ол әдейі қателік жасаған жоқ - 2

В) Жаным ашымайды, бейтарап қаламын - 3


9. Сізді аяқтан шалып, мысалы, университетте оқып жүргеніңізде мемлекеттік емтиханнан құлатпақ болған оқытушыңыздың өмірден өткені жайлы естідіңіз...

А) Сірә, ашынбаймын - 4

Ә) Жақындарына сабыр берсін... - 3

Б) Өмірде болуы тиіс жағдай, әр түрлі жағдайлар болады - 2

В) Бұл барлығымыздың басымызға келеді - 1


10. Қиянатшыл адамға не дер едіңіз?

А) Маған жасаған қиянатың өзіңе қайтады - 1

Ә) Бұдан былай маған ешқашан жамандық жасай алмайсың - 2

Б) Шындығында сен жақсы адамсың. Осыны естен шығармағаның жөн - 3

В) Сені қаншалықты жек көретінімді білсең еді - 4


10-17 ұпай:

Кешірімшіл емессіз, ренжіген адамыңызды кешіру сіз үшін өте қиын. Болған жағдайды ұзақ уақыт бойы естен шығара алмайсыз. Осы мінезіңізден арылғыңыз келсе де қолыңыздан келмейді. Кекшілсіз.

Даулы жерден аулақ жүру өзіңіз үшін пайдалы. Әйтпесе, жаныңыздан сенім артар жан таппай қалуыңыз да кәдік.


18-24 ұпай:

Жаныңызға жақын адаммен ренжісіп қалсаңыз, жүрегіңіз тез жараланып қалады. Арадағы кикілжің үшін өзіңізді қоярға жер таппай, өзіңізді нашар сезінесіз. Мұндайда өзіңізді өзіңіз басқара алмай, өз-өзіңізді қолға ала алмай қалуыңыз мүмкін. Бірақ, уақыт өте келе өткен ренішті ұмытасыз, көңіліңізде дық қалмайды.

Сізге кеңес: қатты ашуланған кезіңізде ауызға абай болыңыз, әйтпесе, тіліңізден ащы сөздер төгілуі де ғажап емес.


25-31 ұпай:

Сізді өкпелету қиын. Бейтаныс адамның сізге деген дөрекі қарым-қатынасына да ренжімейсіз. Өйткені, сіз өзіңіздің дәрежеңізді онымен салыстырмайсыз. Сіз өзіңізге қажет емес кикілжіңдерді жақсы түсінесіз және дұрыс шешім шығара білесіз. Алайда, әркім өз қадерінше түсінеді де өз пайдасына шешулері де мүмкін.

Сезімдеріңізді сыртқа шығара білу керек, әр нәрсені ішке жұта беру жақсы емес.


32-40 ұпай:

Кешірімді болуға барынша тырысасыз. Бірақ, кейбір әрекеттеріңіз көңіл-күйіңіздің құбылмалы екендігін сездіріп қояды. Кейде, сізді ренжіткен адамнан өш алуды да ойлайсыз. Сонымен қатар, кейде өз еркіңізден тыс ол адамға зиян шектіруіңіз де мүмкін.

Кімге болса да ренішіңіз бар болса, жасырмағаныңыз жөн. Сыртынан ғайбаттап, арқасынан пышақ сұғу ең жаман іс.

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR. KZ

Неге өзіңізді тамақтан ТЕЖЕЙ алмайсыз?


КӨЗдің орналасуына қарап адамның БОЛМЫСЫН біле аласыз ба?