Өткенді ҚАЛАЙ ұмытуға болады? (жаттығу)

0
14 427

«Үнемі өткенді есте ұстау – өзіңді қинау» дейді белгілі психолог. Өзіңізді қинауды доғарыңыз! Өткенді ұмытыңыз! Қалай?


Өткенді ҚАЛАЙ ұмытуға болады? (жаттығу)

«Бақытты болғың келсе өткенді қопара берме», «Артына бұрылып қарай берген адам алдына қойған мақсатына жылдам жете алмайды» деген нақыл мен ақылды бәрі білесе керек?! Алайда өткенге орала бермеу бірең-саран адамның қолынан ғана келеді. Сонда өткенді ойлай бермеу үшін не істеу керек? Оны қалай ұмытуға болады?


Бұл тұрғыда есімі бүкіл дүниежүзіне белгілі психотерапевт, психолог Луиза Хэй былай деп кеңес береді:

«...Менің көптеген пациенттерім: қазір бақытты бола алмаймыз, себебі өткен кезеңдерде жаралы болғанбыз дейді.

* Өйткені олар істеуге тиіс нəрсені істеген жоқ.

* Өйткені, енді, олардың дүниеде ең ардақ тұтқан нəрселері жоқ.

* Өйткені оларды кезінде жаралы қылғандықтан олар ешкімді жақсы көре алмайды: ертеректе істеген сұмдық істері үшін өздерін аяусыз қарғайды.

* Өйткені бұны олар ешқашанда кешірмейді жəне ұмыта алмайды.

Ал, үнемі өткенді есте ұстау – демек, өзіңді қинау. Сіздің алдыңызда кінəлі болғандарға – оларға бəрібір. «Олар» тіпті біздің қиналысымыздың көлемін де білмейді.


Өз ойыңды өткенге бағыттаудың ешқандай мəні жоқ. Ол келмеске кетті жəне бұны өзгерту мүмкін емес. Есесіне оған деген біздің қатынасымызды өзгертуге болады. Ұмытыңыз өткенді. Өткен уақыт мəңгілікке кетті. Бұл факт жəне бұған ештеңе істей алмайсың. Бірақ өткен уақытқа деген біздің ойымызды өзгертуге болады.

Сізді баяғыда біреудің ренжіткені үшін қазіргі сəтте өзіңді-өзің жазалау қандай ақымақтық болып көрінеді. «Салыстырмалы түрде жеңілдеу болып тұрғанында реніштеріңізден қазір құтылуларыңызды өтінемін.


Мен əрбір адамға былай деп айта жүріңіз дегім келеді:

1. Өмір тамаша, менің әлемімде барлығы жақсы және одан да жақсы болады!

2. Мен үшін өмір ағысы қалай қарай беттеп бара жатқанының мағынасы жоқ. Мен барлығы жақсы болатынын білемін.

3. Мен кез-келген жағдайда өмірден рахат аламын.

Егер сіз өзгерістер жасау жайлы шешіміңізді айтатын болсаңыз, әлем сізге жəрдем бере бастайды. Ол сізді қажетті хабарламамен қамтамасыз етеді. Сіздің өзгерістер жасау жайлы шешім жасауыңыз бен нақты нəтижелер арасында біршама уақыт өтеді. Мен оны «өтпелі» кезең деп атаймын. Сіз жаңа мен ескінің ортасында толқып тұрсыз. Сіз болған іс пен болуы тиіс істің екі ортасында аңтарылып тұрсыз. Ол қалыпты жəне табиғи процесс.


Егер сіз өзгеруді шындап қаласаңыз, солай болады. Ешкім сізге билік етіп, бір нəрсе жасауға зорлай алмайды. Жəне де ешкім сізбен бірге ол жолды өте алмайды. Сіз өзіңіз ғана өз проблемаларыңызды жеңе алатын жетерлік ішкі күшке иесіз, осыны еске берік тұтыңыз.


Өзіңізді тексеруді ұмытпаңыз. Күніне бірнеше рет: «Мен мұны не үшін жасап жатырмын?» деп сауал қойыңыз. «Менің шын мақсатым не?», «Мен мұны адамдар өтінгеннен кейін жасап жүрген жоқпын ба?» деген сауалдарға жауап іздеңіз. Өзіңізге-өзіңіз адал болыңыз. Өзіңізге өз ойларыңыз бен сезімдеріңіз жайлы шынын айтыңыз.


Өткенді ұмыту үшін ең алдымен бәрін-бәрін кешіріңіз! Өткеннен өзіңді өзің азат ету мен жұрттың бəрін, əсіресе өзіңді өзің кешіру үшін біз өзімізге таңдау жасауымыз керек. Біз қалай кешіруді білмесек те, бірақ мұны қатты қажет етуіміз керек. Кешірім жасауға құлықтану фактісінің өзі сауығуға ықпал етеді.

«Сенің мен қалаған бейнедей бола алмағаның үшін де сені кешіремін. Мен сені кешіремін жəне сені толықтай азат етемін». Осындай тоқтамға келу сіз кешірім ететін адамды да, кешірім етушіні де азат етеді.

Орындалу техникасы: Тоқтамға келу үшін өзіңе-өзің қайталай беру ғана емес (ішіңнен жəне дауыстап), жазу да маңызды. 7 күн бойы, күніне 70 реттен. Егер сіз белгілі бір адамды кешіргіңіз келсе кешірілушінің де, кешірім етушінің де есімін айту керек.


Өткеннен азат болу жаттығуы: Сосын сіз алакөлеңке театрда отырмын, ал алдымда шағын сахна деп көзге елестетіңіз. Сахнаға сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз (дүниеде ең жек көретін адамыңыз). Бұл адам тірі немесе өлі болуы мүмкін, сондай-ақ сіздің жек көру сезіміңіз де не өткен шақтыкі, не осы шақтыкі. Сіз бұл адамды анық көрген кезде, ол адамның өмірінде үлкен маңызға ие жақсылықтар болып жатыр деп елестетіңіз. Оны жайдары жəне бақытты күйде көзіңізге елестетіңіз. Осы образды өз елестетуіңізде бірнеше минут ұстап тұрыңыз, сосын жойып жіберуіңізге болады.

Сосын, сіз кешіруге тиіс адам сахнаны босатады, ол жерге өзіңізді қойыңыз. Өзіңізді бақытты да жайдары қылып елестетіңіз. Жəне Жаратылыстың мейірімі біздің бəрімізге де жететінін біліңіз.

Бұл жаттығу қордаланған реніштердің қара бұлттарын сейілтеді. Кейбіреулерге бұл жаттығу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бұл жаттығуды жасаған сайын қиялыңызда түрлі адамдарды суреттеуге болады.

Неше рет? Бұл жаттығуды бір ай бойы күніне бір реттен жасап тұрыңыз жəне қаншалықты жеңілденгеніңізді бақылаңыз.

Сонымен, бақытты болуды және жұмыста жетістікке жетуді қаласаңыз, діттегеніңізді жылдам уысыңызға түсіргіңіз келсе, өткен шақтан қалған ұнамсыз естеліктерді, үнемі үрей туғызатын оқиғаларды ойлай бермеңіз. Ұмытыңыз!


ТҮЙІН: Өткенді ұмыттыратын ең нәтижелі әрі қарапайым әдіс – ренжіткен, жанға жара салған, қиындық тудырған өткен шақтағы жағдайды, жағдайға байланысты айналаңыздағы адамдардың іс-әрекет, қимыл, мінез-құлқын кешіре біліңіз.

(М. Кемелдің «Көгілдір кітап» кітабынан алынды)

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАЛҒЫЗДЫҚтан құтылу үшін не істеу керек?


ЖІГІТ пен МАМАН таңдауда таптырмайтын тәсіл (ТЕСТ)


«Бос орындық» терапиясымен өміріңізді РЕТТЕЙ АЛАСЫЗ