Үш заңдылық: БАҚЫТСЫЗ болудан САҚТАЙДЫ

0
1 178

100 пайыз дәлелденген!


Үш заңдылық: БАҚЫТСЫЗ болудан САҚТАЙДЫ

фото: ашық дереккөзден алынды

"Қырсық шалды", "Болайын деп тұрған ісім болмай қалды", "Соңғы кезде ойға алған жоспарларым орындалмай жатыр, бұрын оңай бола салатын", "Жолым болмай жүр", "Сәтсіздік соңымнан қалмай қойды" дегенді жиі айтатын болғансыз ба?

Ештеңе себепсіз болмайды. Мүмкін өмірдің мына заңдылықтарын бұзып жүрген шығарсыз. Саралаңыз, реттеңіз. Оң әсері міндетті түрде болады.



Өзіңіз туралы жаман сөз айтпаңыз

Адам болған соң ренжиміз, ашуланамыз, күйінеміз, мұңаямыз, қуанамыз. Өмірге өкпелегенде адам өзіне жаман ат қойып алады. Мысалы:

  • Менің пешенеме бәріне тек өз еңбегіңнің жетесің деп жазып қойған-ау?!
  • Жолы болмайтын сорлы адаммын ғой. Жолым ауыр екен.
  • Мен бейбақ қашан адам сияқты демалады екенмін.
  • Тірі өлік сияқтымын.
  • Топас екенмін.
  • Бақытсызбын...

Осы секілді жаман сөздерге өзіңізді ешқашан теңемеңіз. Түрлі сезім шыр көбелек айналдырып, мың құбылтқанда өзіңіз туралы айтар сөзіңізді фильтрден өткізіп үйреніңіз.

Өкінішке орай, тек ашулы кезде емес, көңілді кезде де өзі жөнінде жаман сөз айтатын адамдар бар. Әрқашан абайлап сөйлеңіз. Өйткені сөз - энергия. Түпсана жақсы-жаман деп айыра алмайды, ол жиі қайталанып айтылған сөзді бағдарламалап, орындаудың жолын іздестіреді. Сөйтіп ерте ме, кеш пе міндетті түрде шындыққа айналады. Сондықтан өзіңіз туралы айтылған әр сөзіңізге аффирмация ретінде қараңыз және жақсы сөзді көбірек айтыңыз. "Жақсы сөз - жарым ырыс" деп бекерге айтылмағаны әбден дәлелденген.

Жаман теңеудің өміріңізге қалай әсер ететініне нақты дәлел іздесеңіз, жапондық ғалым Масару Эмотоның екі стақан суға жасаған зерттеуін немесе "Послания воды" кітабын интернеттен іздеңіз. Оқыңыз.



Сүрінгенге таң қалмаңыз

Біреу жолынан адасса, жаман ауруға шалдықса, отбасын тастап кетсе, көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болса, миллиондаған қарызы бар екенін естісеңіз, "Қалайша? Мүмкін емес" деп таңырқамаңыз.

"Осы жастарды түсінбеймін, балаларын ойласа қайтеді", "Еркек үшін өзіне қол жұмсағаны несі?", "Несиесін несиемен жабатын адамдарға таң қалам", "Ауруы асқынғанша қалай жүре берген?" т.б. осы секілді сөздермен сүрінгенге таңдаңбаңыз. Неге?

Өйткені таңдану - эмоция. Ал эмоция кезде адамның миында химиялық реакция жүреді. Яғни, сол жағдайды өз өміріне шақырады. Сосын ерте ме, кеш пе міндетті түрде басыңызда қайталанады.

Қысқаша айтқанда, кімге таңдансаңыз, соның күйін кешпей қоймайсыз. Бұл 100 пайыз анықталған тұжырым. Сондықтан да бақытсыз адамның тағдырына таң қалмаңыз, керісінше тек жақсы жаңалықтарға, қуанышты жағдайларға көп тамсаныңыз.

Өмірдің бұл заңдылығын 2019 жылы түсіріліп, "Оскар" жүлдесін жеңіп алған оңтүстік кореялық "Паразит" фильмінде анық көрсеткен. Көріңіз.



Бүлінгенді сөз етпеңіз

Қазақта "Ұлың болса - ұрының үстінен күлме. Қызың болса - жезөкшеге күлме" деген сөз бар. Бұл бүлінгеннің өмірін сөз етпе, өсектеме, ешкімді ғайбаттама дегенге саяды. Ал ғайбаттау - барлық дінде үлкен күнә саналады.

Ғайбаттау, біреудің үстінен күлу - тәкаппарлықтың бір сипаты. Тәкаппарлық құдайдың адам бойындағы ең жаман көретін мінез екені діни кітаптарда жазылған. Тәкаппар пендені құдай тәубесіне келтіріп, сөз еткен бүлінгенмен дәрежесін тең етіп қояды дейді хадис-шәрифтерде.

Сондай-ақ менменсінген тәкаппар адамға он сегіз мың ғаламды басқарып отырған құдыретті күштің бар екенін еске салып қою үшін құдай жолына кедергілер қойып, екі-ақ секундта өмірін шыр айналдырып жібереді.

Сондықтан да дана ата-бабамыз әрқашан "Құдай қаласа", "Бұйырса" деп сөйлеуді және шатасқан адам туралы естігенде "Құдай аясын", "Құдай есіркесін" деп айтуды ескерткен.

Қарапайым болса да көп адамның өмір тәжірибесінде көз жеткізген осы үш заңдылықта абай болыңыз. Сонда бақытсыздық пен сәтсіздік сізден алыстау болады.

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Үнемі кешігіп жүретіндерге қажетті 2 КЕҢЕС

Негативті туысқанмен қалай қарым-қатынас құру керек?