Қиыншылық алдында бiз қашанда өзiмiзге мән бермеймiз. Қалайда мәселенiң тетiгiн қайдағы өзiмiзден тысқары заттық нәрселерден iздеймiз. Мысалы, қызметтiң керi кетуi, жұмыстың дағдарысқа бет алуы, некенiң бұзылуы, бәрi де көз алдымызды бұлдыратып, бiр мезет өмiрдiң ертеңi мен үмiтiн көрсетпейдi.
иллюстрациялық фото: samsebegu.ru
Қиыншылық алдында бiз қашанда өзiмiзге мән бермеймiз. Қалайда мәселенiң тетiгiн қайдағы өзiмiзден тысқары заттық нәрселерден iздеймiз. Мысалы, қызметтiң керi кетуi, жұмыстың дағдарысқа бет алуы, некенiң бұзылуы, бәрi де көз алдымызды бұлдыратып, бiр мезет өмiрдiң ертеңi мен үмiтiн көрсетпейдi. Сiз, өзiңiз баға жетпес байлықсыз, тек өзiңiз ғана жеңiске жетудiң шешушi факторысыз. Өзiңiздi түсiнiңiз, таныңыз жеңе бiлiңiз, тек өзiңiз ғана тағдырыңыздың қожайынысыз!
Кезiнде арман қуған бiр жас, ауылынан алысқа аттанарда елiндегi ақылгөй абыздан бата алмақшы болып алдына келiптi. Өмiрге ынталы, жалынды жасқа ықыласы ауған қарт: «Балам, өмiрдiң сырын бiр ауыз сөзге жинақтауға болады. Әуелi саған бiр ауызын сыйлайын. Ол сенiң жарты өмiрiңе медет болады», - дептi. Қарияның сонда тұмардай етiп сыйлағаны «батыл бол» деген бiр ауыз сөз екен.
Отыз жылдан кейiн жер ортаға келген әлгi жиһангез ауылына оралып, әлгi қартты iздептi. Қарт баяғыда қайтыс болыпты. Балалары қарт қалдырып кеткен аманатты әлгiге ұсыныпты. Конверттi ашып қараса, «өкiнбе» деген тағы бiр ауыз сөз ғана.
Солай, бәрiмiз де өмiр жолында батыл күресуiмiз, өткенге өкiнбеуiмiз керек. Өйткенi, өмiрде көптеген орайлар бiздi күтуде. 42 жастағы бiр франциялық өткен өмiрi жайлы толғанып, өзiнiң бекер ғұмыр кешкенiн терең сезiнiптi. Некеден ажырасу, жұмыссыздық, кәсiпорынның күйреуi. Оның өмiрiнде ешқандай мән-мағына қалмаған секiлденiптi. Ол өкiнiштен түңiлiп, қатты нашар күйге түсiптi. Бiр күнi көшеде құмалақ ашып отырған сыған оның алақанын көрiп: «Сен керемет ұлы адам екенсiң!», - дептi. Қайран қалған франциялық: «Не деп тұрсыз, маған бұлай қалжыңдамаңыз», - деп сенбептi. Сыған салмақты бейнеде: «Сiз өзiңiздiң кiм екенiңiздi бiлесiз бе?», - дейдi. Франциялық iштей «мен кiм болушы едiм, бағы жанбаған бейбақпын, жалаңтөс кедеймiн, өмiрден тастанды болған сорлымын» дегендердi ой елегiнен өткiзедi. Құмалақшы және қатаң түрде: «Сiз ұлы адамсыз, бiлесiз бе, сiз өмiрге қайта келген Наполеонсыз, сiздiң тұлғаңызда тулаған қандар сiздiң жiгерiңiз бен парасатыңыз тұтас Наполеондыкi. Сенесiз бе, сiздiң жүрiсiңiз де Наполеонға ұқсайды», - дейдi. Франциялық төменшiктеп: «Мен некеден ажырастым, байлығым селге кеттi, кәсiптен құралақан қалдым, тiптi барар жер, басар тауым қалмады», - дегендердi айтады. Құмалақшы оған: «Әй, ол сiздiң өткенiңiз, сiздiң болашағыңыз керемет, нанбасаңыз ақы бермей-ақ қойыңыз. Бес жылдан кейiн сiз Франциядағы ең табысты адамға айналасыз, өйткенi сiз Наполеонның өмiрге қайта келген тұлғасысыз», - деп тұжырымдайды.
Франциялық құмалақшымен келiспей қайтады. Бiрақ, iштей болмаған ғажайып сезiмге бөленедi. Онда Наполеонға деген ерекше қызығу пайда болады да, Наполеонға қатысты кiтап материалдарды тауып зерттейдi. Бiртiндеп дүние өзгере бастайды. Айнала, бұрынғы дос-жаран, қызметтес, қожайын дегендердiң бәрi оған басқаша қарай бастайды. Жұмысы да оңға басады. Кейiн оның байқауынша, өзгерген ештеңе жоқ екен, тек оның өзi ғана өзгерiптi. Оның көзқарасы, батылдығы, ойлау формасы, тiптi жүрiсi де Наполеонға ұқсапты. 13 жылдан кейiн ол 55 жасқа келген кезiнде миллионерге айналып, Франциядағы ең әйгiлi адамдардың бiрi болыпты.
Франциялық әлгi сығанның сөзiнен шабыт алып, өзiн бiртiндеп өзгертiп, ақыры табыс жолына түсiп, асқан ақшалыға айналады.
Бұл мысал бiзге адамның әрбiр кезеңде сан өзгерiстерге тап болып отыратынын, адам тек өзiн жоғалтып алмай, өзiн жеңе бiлсе, болашағының сөзсiз шұғылалы болатындығын ұғындырады.
Адам мейлi қандай тағдырға тап болмасын, шешушi фактор тек өзi ғана. Сiз қиыншылықтан торығып, аһ ұрсаңыз, сiздi албастыша өктейтiнi қасiрет пен үмiтсiздiк ғана. Егер сiз ерлiк пен шындыққа бетпе-бет келiп, өз қабiлетiңiздi сәулелендiрсеңiз, барлық қиындықты жеңiп шыға аласыз.
Дәулетжан Тапиқұлының «Өмiр философиясы» кiтабынан алынды.