«Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңыздылығы талқыланды
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің елордалық зиялы қауым өкілдері және мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.
Кездесуде ҚР Парламенті Сенат төрағасының кеңесшісі, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Төлеубек Мұқашев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, жазушы Түгел Сәдібек, «Астана Ақшамы» газетінің бас редакторы Қыдыр Еркін Сағындықұлы тәрізді зиялы қауым өкілдері мен елордалық мәдениет ошақтарының басшылары бас қосты.
Жиын қатысушылары Конституцияның ел дамуындағы рөлі мен конституциялық реформаның «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңыздылығын талқылап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді.