ЕҢ ӘДЕМІ ӘУЕЖАЙ: жолаушылар мен саяхатшылардың таңдауы қайсы?

0
470

2024 жылы үздік әуежай атағына 570 үміткер таласты.


ЕҢ ӘДЕМІ ӘУЕЖАЙ: жолаушылар мен саяхатшылардың таңдауы қайсы?

Skytrax ұйымы алғаш рет 1999 жылы әуежайлардың рейтингін жасады және содан бері жыл сайын жаңартып келеді. Ең маңыздысы, бұл ұйым ешқандай елге, компанияға тәуелді емес, сондықтан коммерциялық мүдделерді қорғамайды. Қарапайым жолаушылар мен саяхатшылардың пікірлеріне сүйене отырып, дербес қорытынды жасайды.

Үздік деп танылған әуежайларды жолаушылардың не себепті жақсы көретінін бірге білейік.


Хамад әуежайы Доха (Катар)

2014 жылы ашылған. Содан бері әр жыл сайын әлемнің үздік әуежайлары қатарынан табылып келеді. 2023 жылы бұл әуежайдан 40 миллионнан астам жолаушы өтті.

Хамад тек әуежай ғана емес, заманауи өнер нысандарын көрсететін көрме алаңы ретінде де белгілі. Мысалы, үлкен фойеде Урс Фишер есімді швейцариялық мүсіншінің басында шамы бар үлкен сары аюы орнатылған. Бұл 17 тонна салмақтағы 7 метрлік қола «жұмсақ ойыншық» бұрын Нью-Йоркте тұрған. 2013 жылы ол аукционда 6,8 миллион долларға сатылып, Катар корольдік отбасының мүлкіне өткен.

Сонымен қатар, әуежайда балалар алаңдары мен бірнеше деңгейлі серуендеу паркі бар.


Чанги әуежайы, Сингапур

Бұл әуежай соңғы 10 жыл ішінде бірнеше рет Skytrax рейтингінде бірінші орын алған. Оның басты көрнекілігі – 2019 жылы ашылған Jewel сауда-ойын сауық кешеніндегі әлемдегі ең биік жасанды сарқырамалардың бірі.

Әуежай аумағында бақтар, орхидеялар мен су лалагүлдерінің бағы, бабочкалар бағы, тіпті кактустар бағы бар. Сондай-ақ, әуежайда кіру тегін демалыс аймақтары, қонақүйлер мен СПА-салондар орналасқан.


Инчхон, Сеул

2023 жылы Инчхон 56 миллионнан астам жолаушыны қабылдады. Бұл әуежай жылдамдығымен танымал: кедендік бақылаудан өту орташа 12-19 минутты алады. Сонымен қатар, мұнда жеті тақырыптық бақ, мұз айдыны, кинотеатрлар және корей мәдениеті мұражайы бар.


Ханэда, Токио

Ханэда әуежайы 1931 жылы ашылған және бүгінде 78 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Әуежайдың үшінші терминалы жапон мәдениетін таныстыратын көрнекіліктерімен танымал.


Шарль-де-Голль, Париж

Бұл әуежай 1974 жылы ашылып, 67 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Әуежайда ойын алаңдары, PlayStation аймақтары және уақытша көрмелер бар.


Дубай әуежайы

Әлемдегі ең қарбалас әуежайлардың бірі. Мұнда люкс интерьеры, брендтік дүкендер және көптеген демалыс орындары бар.


Мюнхен әуежайы

Әуежайдың басты ерекшелігі — паркі. Мұнда балалар ойын алаңдары, экскурсиялар және ұшақтарды жақыннан көруге арналған аймақтар бар.


Цюрих әуежайы

Бұл әуежайда мәдени іс-шаралар, экскурсиялар және Швейцарияның брендтік дүкендері орналасқан.


Стамбул әуежайы

2018 жылы ашылған бұл әуежай 2028 жылы әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі болуды жоспарлап отыр. Мұнда фотозоналар, базар аймақтары және тыныш демалыс орындары бар.

2024 жылы үздік әуежай атағына 570 үміткер таласты. Жеңімпаздарды анықтау үшін 2023 жылғы тамыздан 2024 жылғы наурызға дейін онлайн сауалнама жүргізілді. Дауыс беру халықаралық деңгейде өтіп, шамамен 100 ұлттың жолаушылары қатысты.

Қызығы, үздік ондықтың құрамы өткен жылмен салыстырғанда аса өзгермеген. Тек Мадридтегі Барахас әуежайы тізімнен шығып, ал Дубай әуежайы 7-орынға көтерілді. Үздік үштікке Сеулдегі Инчхон әуежайы кіріп, ал Сингапурдағы Чанги көшбасшылық орнын жоғалтты. Бұл бағалаудың объективті екенін көрсетеді.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Әлемдегі МҰЗДАН жасалған ҒАЖАЙЫП мекендер мен нысандар