Көптеген адамдар Мысырдағы ежелгі пирамидалардың көне жәдігер екенін, оның ішіне перғауындар жерленгені сияқты ақпараттардан хабардар.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бірақ бұл ғажайып сәулет туындысы туралы басқа да қызықты және ерекше деректер бар. Білгіңіз келсе, Сіз үшін бірнешеуін ұсынамыз.
1. Пирамиданың пайда болуы туралы аңыздар
Мысыр пирамидалары ежелгі заманда адам күшімен салынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жұмбақ әрі ғажайып сәулет туындыларының бірі. Бірақ, осы бір керемет құрылысқа «адамдардың қатысы жоқ» деген пікір де бар. Мысалы, кейбір зерттеушілер «пирамидаларды өзге планеталықтар салған» десе, екіншілері «оларды сол уақытта адамдар арасында өмір сүрген ежелгі құдайлар жасаған» дейді. Сондай-ақ, «әлемнің осы кереметін жасаған атланттар. Яғни, аты аңызға айналған Атлантид аралының тұрғындары» деген мәліметтер де кездесіп жатады.
2. Пирамидаларды адамдар салды
Бұл ерекше құрылысты адамдар салғаны жайында ғылыми дәлелдер бар. Бірақ оларды құл ретінде жұмсады ма, әлде пұл беріп істетті ма белгісіз. Дегенмен, құлдар жұмыс істесе, дұрыс жағдай жасалмай, өлгенін жақын жерлерге жерлей берер еді. Ал, пирамиданың айналасынан ондай белгілер табылмаған. Керісінше, жатақхана, асхана, наубайхана мен сыра қайнататын шағын ғимараттардың орны анықталған. Соған қарағанда еңбекақы немесе езық-түлікпен қамтылған қарапайым құрылысшылар еңбек еткен секілді.
3. Құрылыс туралы
Олардың ішіндегі ең танымалдары – Каир маңында орналасқан Хеопс, Хефрен және Микерин пирамидалары. Ал ел аумағында жалпы саны 140 пирамида табылған. Құрылыс жүйесі туралы айтар болсақ, Хеопс пирамидасын мысалға алайық. Кешеннің басты беті жарық мол түсу үшін солтүстікке қарата салынған және әлі күнге дейін бұл әлемдегі ең мұқият тегістелген құрылыс нысаны. Пирамида 1311 жылға дейін адам салған ең биік құрылыс болған, биіктігі қазіргі ғимараттардың 50 қабатына тең. Аумағы 5 гектар болатын нысан шамамен екі жарым миллион блоктан құралған және оларды жылтырақ ақ әктаспен қаптап, Күнге шағылысқанда Израилдегі таудан көрінетін болған.Сондықтан, ол «Әлемнің жеті кереметінің» бірі.
4. «Орион» шоқжұлдызымен ұқсастығы
Ежелгі Мысырда «Орион шоқжұлдыздары құлпытас әлемінің патшасы, сондықтан Гиза пирамидалары осы шоқжұлдызға сәйкес құрылған. Үш пирамида – Орионның үш жарқын жұлдыздары, тіпті құм астында пирамида бар» деген болжам болған.
5. Пирамида не үшін салынды?
Көне пирамидаларды атақты фараон азаматтарының табыттары мен әртүрлі тұрмыстық асыл заттарын бірге сақтау үшін салған дейді. Бірақ, оларды зерттеген кезде ішнен фараондар да, байлық та табылмаған. Соны ескерген ғалымдар «адамдар қабірлерді мыңдаған жыл бұрын тонаған, ол мысырлықтардың өздері де болуы мүмкін» деп болжайды. Алайда, осы уақытқа дейін пирамиданың не үшін салынғаны және кімдер тонағаны туралы ресми ақпарат жоқ.
Дайындаған: А.Мейірхан,
Тағы оқыңыз:
Көктемде ҚАЙДА және ҚАЛАЙ саяхаттаған дұрыс?