Шымкенттегі танымал дәмханалар

0
5 485

Барлық қалаларда тұтынушылары көп дәмханалар болады. Солар сияқты Шымкент қаласында да ерекше дәмхналар жетерлік.


Шымкенттегі танымал дәмханалар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген жергілікті тұрғын немесе қала қонақтары ең дәмді тағамдармен тамақтанғысы келетіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан, біз бүгінгі мақалада Үшінші мегаполистегі ең дәмді тамақтар мен ыңғайлы бағаларды ұсынатын дәмханалар жайында жаздық.

Айта кетейік, бұл тізім тұтынушылардың берген бағасы және пікірлері бойынша жасалып отыр.


1. «Физули» кафесі

«Физули» кафесі Сізге және Сіздің қонақтарыңызға ерекше рецепт бойынша өте дәмді кәуап дайындайды. Сонымен қатар, жайлы жағдай, сапалы қызмет, қолайлы бағалар және тамаша демалыс ұсынады.



2. «Nur Sultan Pasha» мейрамханасы

Ал бұл мейрамхананың басты «фишкасы» — «Қуырдак по-Шымкентски» және «Хан палауы». Сондай-ақ, мейрамханадан шығыс, түрік, қазақ тағамдарының барлық түрін таба аласыз. Сыпайы қызметшілер, дәмді тағамдар, бай мәзір, жайлы орын, жақсы демалыс – барлығы Сіз үшін.



3. «Афрасиаб» мейрамханасы

«Афрасиаб» мейрамханасы ежелгі сарайлар секілді шығыс стилінде салынып, ерекше есіктермен, көне жәдігерлермен, ақ және қызыл залдармен, шығыс сәулетімен безендірілген. Мұнда Сіз ең дәмді шығыс тағамдары: манпар, машхурда, дулма, хаш, мохора, лагман, кәуап, палау, самсу және т.б., сондай-ақ шымкенттік «Хан палау» және қуырдаққа тапсырыс бере аласыз.



4. «Стамбул» кафесі

Шымкент қаласының орталығындағы Түркияның бір бөлшегі десек те болады. Бұл жерден нағыз түрік және Жерорта теңізі асханаларының тағамын жей аласыз. Сондай-ақ, дәмхана дәмді десерттер, үлкен тұрақ, Wi-Fi, қол жетімді бағалар ұсынады.



5. «Kim CHI» кафесі

«KIM CHI» отбасылық кафе болып есептеледі. Онда Сізге корей және жапон тағамдары, сергітетін сусындар, жайлы атмосфера, ыңғайлы бағалар ұсынады және сапалы қызмет көрсетеді.



6. «Мизам» кафесі

Бұл жерде көбіне ұйғыр тағамдары жасалады және Сіз лагманның көптеген түрлерінен дәм тата аласыз: дәстүрлі лагман, Сару, гуру, көп-ру, ту-ду, хао-хуа және т.б. Ал, дәстүрлі лагманды жасау үшін арнайы қытайлық аспаздар шақырылған. Сондай-ақ, дәмхана мәзіріне манты, палау, кәуап және басқа да шығыс тағамдары енгізілген.



7. «Amore Mio» мейрамханасы

«Amore Mio» – шағын, жайлы, күнделікті сұранысқа ие итальян тағамдарын ұсынатын мейрамхана. Мұндағы өз ісінің мамандары пеште піскен пиццаның бірнеше түрін, дәмді фреш-паста, таңдаулы итальяндық салаттар мен тағамдар, ет, балық және құс тағамдарын әзірлейді.



8. «Bolognese&Turandot» мейрамханасы

Итальян және қытай асханасы біріккен алғашқы мейрамхана. Мейрамхана келушілерге жайлы атмосфера, сапалы қызмет, дәмді тағамдар, тамаша жазғы терраса және кешкі уақытта аспаптарда ойналатын жанды әуендер ұсынады.



9. Ferdinand

Ал, бұл ет мейрамханасы келушілерге ең дәмді стейктер, таңдаулы шарап және жағымды атмосфера сыйлай алады.



10. «Агѕһа» мейрамханасы

«Arsha» мейрамханасы кездесу, достарымен бірге тамақтанып, көңіл көтеру үшін тамаша орын. Әдетте, мейрамханада өте дәмді ет және үй тағамдарын – лагман, манты, палауды түскі асқа дайындайды. Ал, кешкі мәзірге аса таңдаулы еуропалық және жапон тағамдарын ұсынады.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Туристер ең көп баратын 10 қала: Оларды не қызықтырады?

Саяхатқа жалғыз шығудың қандай ерекшеліктері бар?