Көптеген адамдар ғаламторда өздерінің демалыс жоспарларымен бөліседі және осы негізде 2019 жылы саяхаттауға арналған ең керемет қалалардың рейтингі жасалып отыр.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Адамдар саяхат бағытын таңдау кезінде баратын жерінің әртүрлі ерекшеліктеріне назар аударады. Сонымен қатар, барлығына бірдей ұнайтын қалалар бар, оларға жыл сайын миллиондаған туристер барады. Осыншама көп баратын туристерді мұндай қалалар несімен қызықтырып отыр?
1. Лондон
Лондондағы тұманды ауа райы туристерге ешқандай кері әсер етпейді. Тұманды Альбиондағы «Букингем» сарайы, әлемдегі ең танымал мәдениет және өнер мұражайлары, «London Eye» дөңгелегі, сондай-ақ заманауи көрікті жерлер кем дегенде бір рет көруге тұрарлық.
Лондон жылына 20 млн. астам турист қабылдайды.
2. Париж
Париж қаласы да саяхатшылар үшін керемет бағыт. Көптеген туристерге маңызды мәдени және тарихи көрікті орындарға бай Франция астанасының ауа райы қатты ұнайды екен. Сондай-ақ, қаладағы әлемге танымал Диснейленд балаларды өзіне тартып тұрады. Дегенмен, Париждегі өмір арзан емес, бірақ еуропалық өзге қалалар сияқты мұнда да түрлі бағадағы қонақүйлер мен ойын-сауық орталықтары бар.
Парижге жыл сайын 17 млн. астам турист келеді.
3. Дубай
Қазіргі таңда аса көркем келбеті мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейінің арқасында Дубайға әр түрлі жастағы миллиондаған туристер барып жатыр. Онда таза жағажайлар, әлемдегі өте сирек кездесетін балалар мен ересектерге арналған фантастикалық ойын-сауық орталықтары бар. Бір кемшілігі, Дубай – қымбат қала.
Онда жыл сайын шамамен 15 млн-нан астам турист саяхаттайды.
4. Сингапур
Сингапур елінде Сингапурдан басқа қалалар жоқ, себебі бұл – ғажайыптары әуежайынан басталатын қала секілді мемлекет. Мұнда әлемнің заманауи кереметтері саналатын көрікті жерлер, футуристік бақтар, «Марина Бэй» қонақүйі, таңғажайып ойын-сауық орталықтары бар. Сондай-ақ, Сингапур – әлемдегі ең таза мемлекет.
Сингапур жыл сайын шамамен 14 млн-нан астам турист қабылдайды.
5. Нью-Йорк (АҚШ)
Бұл американдық мегаполиске әрбір саяхатшы келуге тырысады. Өйткені, мұнда Рокфеллер орталығы, Гуггенхайм мұражайы, табиғи тарих мұражайы, БҰҰ штабы секілді және т.б. аты аңызға айналған көрнекті орындар жеткілікті.
Қалаға жылына шамамен 13,13 млн. турист келеді екен.
6. Токио
Жапон мәдениеті көптеген туристерді қызықтырады және олар осы елге саяхатын Токиодан бастайды. Жапонияның астанасы қазір іскерлік келбетке ие, бірақ бұл қалаға келген адамдар ел тарихы және мәдениетімен, император сарайымен, ежелгі билеушілердің үй-жайларымен және т.б. көрікті жерлермен таныса алады.
Мұнда жыл сайын шамамен 11,93 млн. турист саяхаттайды.
7. Стамбул
Стамбул әсіресе соңғы жылдары үлкен танымалдылыққа ие болды. Туристер бұл жердегі Еуропа мен Азия мәдениетінің қоспасын ерекше бағалайды. Стамбул – мейірімді тұрғындарымен, отта піскен дәмді тағамдарымен, шығыс нарығы және қолжетімді бағалармен ерекшеленеді.
Стамбулға жыл сайын шамамен 10,7 млн. турист саяхаттайды.
8. Сеул
Көптеген саяхатшылар Оңтүстік Кореядағы техникалық және мәдени дамуға ерекше баға береді. Сондай-ақ, қаладағы заманауилық, тазалық пен ұқыптылық адамдарды өзіне тартып тұрады. Мұнда барып ұлттық тағамдары және дәстүрлерімен танысуға, «Lotte World» ойын-сауық саябағында демалуға және Шығыс медицинасының ғажайыптарын сезінуге болады.
Бұл қалаға жылына 9,54 млн. турист саяхаттайды екен.
9. Гонконг
Гонконг – Батыс харизмасымен ерекшеленетін Азия қаласы. Қала көшелерінде жүрсеңіз, қай жерде екеніңізді түсінбей қаласыз. Сондай-ақ, Гонконг көптеген Голливуд фильмдерінде кездеседі. Мұнда аты аңызға айналған Джеки Чанның мүсінінен басталатын «Даңқ аллеясы» бар. Туристер сол аллеяда үнемі өтіп тұратын лазерлік шоуларды көп көреді және қонақүй мен тамақ бағасы да қолжетімді.
Гонконг жыл сайын шамамен 9,03 млн. туристі қабылдайды екен.
10. Барселона
Барселона – ғажайып сәулеті, сұлулығы және мерекелік атмосферасымен ерекшеленетін атақты испан қаласы. Бұл қаланың архитектурасын мүсінші Гауди жасаған және оның шығармашылығын көшеде жүріп көруге болады. Қала теңіз жағалауында орналасқандықтан, жағажай демалысын жақсы көретіндерге ыңғайлы демалыс орны болады.
Барселонаға жылына шамамен 8,69 млн. турист келеді екен.
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз: