Стюардессалардың біз БІЛМЕЙТІН сырлары: ТЕЗ қартаяды, жүкті БОЛА АЛМАЙДЫ...

0
2 910

Неге олар қолын артына ұстап, мойын орамалдарын тағады деп ойлайсыз?


Стюардессалардың біз БІЛМЕЙТІН сырлары: ТЕЗ қартаяды, жүкті БОЛА АЛМАЙДЫ...

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Олар жайлы қызықты деректермен бөлісетін адамдар стюардессалардың тез қартаятынын және өте сирек жүкті болатынын айтады...


Стюардессалар жолаушыларды қолын артына ұстап қарсы алады

Бұл салонға кірген жолаушылардың санын дұрыс есептеу үшін істелетін әрекет. Ал, санау барысында өзге заттарға назар аудармауға ықшам «кликер» құралдары көмектеседі екен. Содан кейін, деректер сатылған билет санымен салыстырылады. Егер кіре берісте дұрыс саналмаса, бәрі орнына жайғасқасын қайта санауға тура келеді. Яғни, артық уақыт жұмсалады.


Неге стюардессалар мойынорамал тағады?

Көптеген авиакомпаниялардың жолсеріктері киетін бірыңғай форманың міндетті элементі – мойынорамал. Мұны әркім әртүрлі түсіндіреді. Кейбір деректерге сүйенсек, ұшақ салонына түтін жайылған кезде қызметкерлер тыныс алу мүшелерін орамалмен тез жауып, жолаушыларға да көмектескен сәттер болған екен. Дегенмен, қазіргі технология орамалдың көмегіне қарап қалмайтыны анық. Мұны заман талабына сай сән мен стильге құрмет көрсету (әйелдер костюм киіп, орамал таққанда әдемі көрінеді) деп түсінуге болады.


Стюардессалар жүкті бола алмай ма?

Кейбір ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, гравитациялық қысымның жиі өзгеруі, озон мен ғарыштық радиацияның әсерінен және оттегінің жетіспеуінен көптеген әйелдер ұзақ уақыт бойы жүкті бола алмайды екен, тіпті кейбіреулерінде бедеулік асқынып кететін көрінеді.


Ұшақ жолсеріктері ұшудан қорықпайды

Борт жолсеріктерін ұшу кезінде өзін дұрыс ұстауға өте көп үйретеді. Өйткені олардың тыныштығы мен сабырлы қалпына қарап, жолаушылар да алаңсыз отырады. Бұл қызметте біраз жыл жұмыс істеген адамдар қозғалтқыштың шуы, әуе шұңқырлары секілді жағымсыз нәрселерді елемейді де екен.


Стюардессалар тез қартаяды

Стюардессалардың тез қартаюына көп жұмыс істеуі, рейс кезінде 5 шақырымға дейінгі биіктікке көтерілетіні, салмағы 50 келіге жуық сусындар мен тағамдарды тасымалдауы, көптеген жүктерді көтеруі және үрейленген немесе мәселеге тап болған жолаушылардың тынышталуы үшін өз жүйкесін жұқартуы әсер етеді. Сондай-ақ, тез қартаю процесіне гравитациялық қысым, ғарыштық радиация және оттегі мөлшерінің үнемі өзгеріп тұратыны қосылады.


Олар татуировка салдыра ма?

Көптеген ауә компаниялары салдырған татуировкасы мен пирсингтерін киімі жауып тұрмайтын қыздарды жұмысқа алмайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

дереккөз: tourweek.ru


Тағы оқыңыз:


КОРОНАВИРУСТАН кейін ҚАЙДА саяхаттаған дұрыс?

МИЛЛИОНЕРЛЕР мекеніне айналған аралдың ҚҰПИЯЛАРЫ