ЖАҺАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ дамуына Дүниежүзілік соғыстың ықпалы МОЛ болған

0
5 446

Туризм тарихы – XVII ғасырдан бүгінгі күнге дейін.


ЖАҺАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ дамуына Дүниежүзілік соғыстың ықпалы МОЛ болған

иллюстрациялы0 фото: ашық дереккөзден

Демалыс орындарының танымалдылығы XVII ғасырда Ұлыбританияда басталып, кейінірек Еуропа құрлығында өсе бастаған. Ал, адамдар қызыққан алғашқы дүние – минералды судың емдік қасиеті. Сол минералды су жайлы таралған ақпараттар курорттарды қоғамның басты қызығушылығына айналдырған. Содан бастап, туризм саласы түрлі өзгерістерге ұшырап, ХІХ ғасырда адамдар біртіндеп жағалау демалысына үйрене бастады.


Күн, құм және теңіз курорттары

Теңіз суы денсаулыққа пайдалы болғандықтан, XVIII ғасырдың басында Ұлыбританияда көптеген шағын теңіз емдеу-сауықтыру орталықтары пайда болып, онда келген саяхатшылар теңіз суын ішкен және шомылған. Одан қалса, денені қыздыратын ыстық құм мен күннің сыйлайтын ләззатын сезінген адамдар жағажайдағы демалыс орындарына ағылып келе бастаған.

Сондай-ақ, XIX ғасырда кеме жасаудың бастау алуы көптеген курорттардың құрылуы мен дамуына мүмкіндік сыйлады. Содан, теңіз жағалауындағы курорттар біртіндеп қоғамдық демалыс орнына айналды. Ал, өнеркәсіптік революция Батыс Еуропаға теңіз жолымен саяхат жасау саласының дамуына сеп болды. Саяхаттауды, күйбең тіршіліктен көз ашпайтын қоршаған ортадан алыстауды, табиғи сұлулық аясында тыныс алуды қалайтын адамдар саны арта берді.


Сонымен қатар, ХІХ ғасырда туризм саласында мынандай жаңалықтар орын алды:

• Темір жолдардың дамуы бастапқыда іскерлік сапарларға оң әсерін тигізіп, кейіннен саяхатшылар көптеп қолдана бастады. Тіпті, тек демалыс және ойын-сауық орындарына баратын арнайы пойыздар пайда бола бастады.

• Томас Кук секілді танымал зерттеушілер түрлі саяхаттар ұйымдастырды.

• Еуропа елдері шикізат сатып алу және дайын өнімді сату үшін туристік бизнесті белсенді дамытуды қолға алды.

• Фотосуретті ойлап табу және оны пайдалану шетелге сапарлардың көбеюіне ықпал етті.

• Алғашқы қонақүй желілері құрылды. Олардың бастамашысы – вокзал маңындағы қонақүйлерді құрған теміржол компаниялары болды.

• Жағалаудағы курорттардың танымалдылығы артты. Өйткені жағалау бір күндік сапарға шыққан туристер үшін де, элиталық топтағылар үшін де, құмар ойыншылар үшін де өтімді болды.

Түрлі туристік бағыттар: тау шаңғысы курорттары, альпинистер станциялары және т. б. пайда болды.

• Кеме өндірісінің дамуы Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы саяхаттың дамуына ықпал етті.

• Үндістан мен Қиыр Шығысқа Суэц каналы арқылы тікелей теңіз жолдары ашылды.


XX ғасырдағы туризм

Бірінші дүниежүзілік соғыс әлем елдері туралы белгілі бір түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді және алғаш рет қоғамның аз қамтылған топтары арасында халықаралық сапарларға қызығушылық тудырды. Сонай-ақ, АҚШ-қа қоныс аудару науқаны Атлант мұхитындағы көптеген туризм бағыттарын ашты. Жеңіл көліктердің пайда болуы Еуропа мен Батыс елдеріндегі ішкі туризмді дамытуға ықпал етті. Ұлыбритания секілді дамыған елдердегі отбасылар жыл сайын шет елдердегі танымал теңіз курорттарына саяхат жасай бастады және осы аталған бағыттар бойынша әртүрлі қонақ үйлер желілері қалыптасты.

Сондай-ақ, соғыстан кейінгі кезеңде әуе туризмінің пайда болуы халықаралық саяхатқа деген қызығушылықты арттырып, авиация саласы бұл қызығушылықты жаппай туризмнің бір түріне айналдырды. Ұшақтар мен жеке авиакомпаниялардың көбеюі елдер арасындағы әуе тасымалын кеңейтті. Оның үстіне, ол кезде ұшақтар жаңа болғандықтан ыңғайлы, жылдам әрі билет құны арзан болған.

Дегенмен, жаппай әуе саяхаттарының нағыз дәуірі 1958 жылы Боинг 707 ұшағы іске қосылғаннан кейін басталды. Чартерлік рейстердің пайда болуы туристік нарықтың өсуіне ықпал етіп, ұйымдасқан жаппай туризмнің құрылуына әкелді. 400 орынды Боинг ұшақтары ұшу құнын күрт төмендетіп жіберді. Жерорта теңізіндегі, Солтүстік Африкадағы және Кариб теңізіндегі теңіз курорттары жаппай туризмнің ең танымал бағыттарына айналды.

Қонақүй индустриясының өсуі бүкіл әлемде қонақүй желілерінің құрылуына сеп болды. 70-інші жылдары адамдар жаңа туристік бағыттарды игере бастады. Харе Кришна қозғалысы мен трансцендентальды медитация Непал мен Үндістанға көптеген туристерді тартты. Ал, жеке саяхатқа шығу кезеңі 80-інші жылдары бастау алды. Әуе рейстерінің мүмкіндігі туризммен қатар, іссапарлар санының өсуіне, көптеген компаниялардың пайда болуына ықпал етті.

Ал, XIX ғасырдағы жаңарған қоғам жүздеген жылдар бойы талай кезеңнен өтіп, қалыптасқан туризмнің жемісін жеп отыр деп айта аламыз. Десе де, заман талабына сай технологияның мүмкіндіктері де аз емес. Қазір қалтаңыздағы қаражатты қамдап алып, әлемнің кез келген нүкесіне саяхаттауға мүмкіндік бар.

Туризм саласына тұсау салып отырған пандемияың ғұмыры ұзақ болмайды деп үміттенеміз!

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:

«Игра престолов»: Сериал түсірілген алаңдар ТУРИСТЕРДІҢ КӨП БАРАТЫН жеріне айналған


Саяхат ЖАҢА қырларымызды ашып, ойдағыдай ӨМІР СҮРУГЕ көмектеседі! Қалай?