"24 адам ауыр халде": Шымкенттің бас дәрігері үндеу жасады (видео)

0
487

Шымкент қаласында эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз екенін айтты.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының бас дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустың Үнді штаммы анықталды. Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде. Шымкент қаласында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз екенін айтты.

"Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияға жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім жітім көрсеткіш саны артуда", дейді Б.Позилов.


"Осы орайда вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-тен қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін мәлімдейміз. Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бір жылдан аса уақыт болды осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Қазірде қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан барлықтарыңызды вакцина салдыртуға шақырамыз", деді қаланың бас дәрігері.