40 млн: Шымкентте жас келіншек қырыққа жуық тұрғынды алдап кеткен

0
606

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.


40 млн: Шымкентте жас келіншек қырыққа жуық тұрғынды алдап кеткен

Шымкентте 40 миллион теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ келіншек ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын жеткізген. Егде жастағы әйелдің айтуынша, ағымдағы жылдың 3-наурызында белгісіз азаматшаның қайтарымсыз мемлекет тарапынан пәтер алып беремін деп сендіргенін айтқан. Содан белгілі мекен-жайда алаяқ әйел 9 000 000 теңгені қолды қылып, қазіргі уақытқа дейін алдап келгенін көрсеткен.
"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды. Дәл осы жағдаймен полицияға тағы бірнеше тұрғын шағымданып, жоғарыдағыдай алаяқтардың арбауына түскенін жеткізген. Келіп түскен ақпараттар аясында жедел-іздестіру барысында күдікті ретінде жас келіншек ұсталды. Бір жарым жыл ішінде Шымкент пен Түркістан облысының тағы 39 тұрғыны оның құрбаны болған. Олардың кейбіріне пәтерден бөлек, бизнесін қолдау үшін мемлекеттен ақша да уәде етілген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеге жуық", - делінген баспасөз хабарламасында
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.