9 наурызда шымкенттік қыз-келіншектердің қатысуымен жүгіруден жарыс өтеді

0
658

Бағдарламаға сәйкес, барлық жас ерекшеліктер үшін жүгіру – 5000м.


9 наурызда шымкенттік қыз-келіншектердің қатысуымен жүгіруден жарыс өтеді

ERNUR.KZ. Шымкентте Жарыс 9 наурызы күні әйелдер арасында қалалық «Бұқаралық жүгіру» жарысы өтеді.

Халық арасында дене шынықтыру және спорттың бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Спортқа баулу мақсатында өткізігелі отырған жарыс қаланың «Наурыз» алаңынан 9 наурыз сағат 9.00-де басталады.

Жарысқа қатысушы азаматшалар келесі жас ерекшелігі бойынша қатысады:
1. 18-27 жас ( старттық номерлер – жасыл) басталуы: 09:00-де
2. 28-39 жас ( старттық номерлер – сары) басталуы: 09:15-те
3. 40 жас және одан жоғары ( старттық номерлер – қызыл) басталуы: 09:25-те

Ереже бойынша әйелдер арасында өткізілгелі отырған жарысқа қатысу үшін қол хат қабылдау (медициналық тексерілуден өткен, дәрігердің рұқсаты бар) 2024 жылдың 07 наурызына дейін онлайн қабылданады. Тіркеліп үлгермеген қатысушылар офлайн тіркеле алады. Қатысушыларға старттық номерлер жарыс басталардан алдын 09 наурыз күні сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін беріледі.
Жарысқа жалпы басшылық жасау Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына жүктеледі.
Бағдарламаға сәйкес, барлық жас ерекшеліктер үшін жүгіру – 5000м.
Жарыстың талабы бойынша қатысушыларға белгіленген маршруттан шығуға рұқсат етілмейді, егер шарт бұзылған жағдайда нәтиже жойылады.
Жеңімпаздары мен жүлдегерлер лайықты дәрежедегі дипломдармен медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ескертетін жайт, әр жеңімпаздың өзімен жеке куәлігінің көшірмесі болуы керек.
«Наурыз» алаңынан бастау алған жарыс, сол алаңда аяқталады.