​«Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласындағы филиалына жаңа директор тағайындалды

0
571


​«Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласындағы филиалына жаңа директор тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма Төрағасының бұйрығымен Шымкент қалалық филиалының директоры қызметіне Тобаева Айнұр Шорабекқызы тағайындалды.

Айнұр Тобаева 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда қ. «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да тіркеуші болып бастады. 2001 – 2007 жылдары «Жылжымайтын мүлік орталығында» түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2007 – 2010 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК операция залын басқарған. 2010 – 2017 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары қызметін атқарған.
2017 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында түрлі лауазымдар атқарған. 2021 – 2022 жылдары Мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры болған. 2022 – 2023 жылдары Мемлекеттік корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ операциялық директоры болып жұмыс істеген.