Бірге қалыпты өмірге қайта оралайық, екпе ал!

0
632

Өткен тәулікте қалада 4313 адам вакцина алды.


Бірге қалыпты өмірге қайта оралайық, екпе ал!

Шымкентте 19 тамыз күні КВИ-дің 415 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 329, белгілері жоқ – 86). 207 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 62%-ды құрайды, 1427 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2353 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 392 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 4313 адам вакцина алды.
(I компонент-1933, II компонент-2380). Егу науқаны басталғалы барлығы 408 176 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 336 030 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ өткен тәулікте 358 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары! Қайта қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцина. Екпе алып, өміріңізді сақтаңыз!