Шымкент қаласында 2020 жылдың 31-ші наурыздың 21:00 бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін қалаға кіретін және шығатын барлық автомобиль жолдары жабылады.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Абдиманап Тулебаев қала аумағына кімдерге кіріп-шығуға болатынын атап қаулы етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өздеріңізге мәлім, Шымкент қаласында 2020 жылдың 31-ші наурыздың 21:00 бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін қалаға кіретін және шығатын барлық автомобиль жолдары жабылатындығы жарияланған болатын.
Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысында қала аумағына қандай жағдайда, қандай азаматтардың кіріп-шығуына рұқсат берілгендігі көрсетілген.
Олар төмендегідей:
- қаланың қауіпсізді мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған көліктердің (соның ішінде арнайы автокөліктер, арнайы техникалардың) және транзиттік жүк көліктерінің кіріп шығуына;
- тұрақты жұмыс жасайтын азаматтардың, жұмыс жасайтынын растайтын құжаттарды (жұмыс орнынан белгіленген үлгіде анықтама немесе қызметтік куәлік) ұсынған жағдайда кіріп шығуға;
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 001-3/е нысанға сәйкес станционарға медициналық көрсетілім бойынша жатқызуға жолдамасы бар азаматтардың екі адамнан артық емес адам ертіп жүргендерге Шымкент қаласына кіріп шығуға;
- Санитарлық авиация тарапынан тасымалданатын азаматтардың (пациенттердің), оның ішінде балалар ана-аналарымен, Шымкент қаласында орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарына кіріп шығуға;
- Шымкент қаласында уақытша болған тұлғалардың кеткісі келген жағдайда қаладан шығуына;
- Шымкент қаласының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясымен жеке қаралған өзге де жағдайлар бойынша қалаға кіріп шығуға рұқсат етіледі, делінген қаулыда.