Оның ішінде 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 68 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 103 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 68 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 8534 адам вакцина алды (I компонент-4864, II компонент-3670). Егу науқаны басталғалы барлығы 258 905 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 156 540 адам вакцинаның екі компонентін алды.