COVID-19: Шымкентте 126 жағдай тіркелді

0
285

Індет жұқтырған 52 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 74 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 126 жағдай тіркелді

Шымкент қаласында өткен тәулікте 126 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 15 тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған 52 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 74 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 413 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 901 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 512 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 257 төсек орын бар, онда 87 науқас ем қабылдауда.
Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 5764 адам вакцина алды (I компонент-3032, II компонент-2732). Егу науқаны басталғалы барлығы 524 105 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 423 455 адам вакцинаның екі компонентін алды.