COVID-19: Шымкентте 180 адамнан коронавирус анықталды

0
547

89 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 91 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 180 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 1 қыркүйек күні КВИ-дің 180 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 145, белгілері жоқ – 35), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 89 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 91 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды, 1638 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1412 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 292 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 5131 адам вакцина алды (I компонент-2410, II компонент-2721). Егу науқаны басталғалы барлығы 432 267 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 364 922 адам вакцинаның екі компонентін алды.