COVID-19: Шымкентте 275 адамнан коронавирус анықталды

0
414

Індет жұқтырған 121 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 154 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 275 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 26 тамыз күні 275 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 39 тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған 121 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 154 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 51%-ды құрайды, 1848 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1932 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –559 төсек орын бар, 322 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 4940 адам вакцина алды (I компонент-2108, II компонент-2832). Егу науқаны басталғалы барлығы 419 934 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 352 329 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 23 тамыз күні 394 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды