Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте 520 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 233 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 287 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3 358 адам вакцина алды (I компонент-828, II компонент-2 530). Егу науқаны басталғалы барлығы 354 365 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 241 285 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 656 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (656 кәсіпкерлік нысан).