COVID-19: Шымкентте 535 жағдай тіркелді

0
427

Оның ішінде 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 535 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 535 жағдай (465 симптоммен, 70 симптомсыз) тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7292 адам вакцина алды (I компонент-2286, II компонент-5006). Егу науқаны басталғалы барлығы 376 523 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 289 592 адам вакцинаның екі компонентін алды.