COVID-19: Шымкентте 55 адамнан коронавирус анықталды

0
299

Оның ішінде 31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 24 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 55 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 7 қазан күні КВИ-дің 55 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 48, белгілері жоқ – 7), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 24 адам үй бақылауына алынды.

Бір тәулік ішінде қалада 6474 адам вакцина алды (I компонент - 1412, II компонент - 5062). Егу науқаны басталғалы барлығы 534044 адам екпе қабылдады,оның ішінде 447183 вакцинаның екі компонентін алған.