COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 81 адамнан коронавирус анықталды

0
336

Індет жұқтырған 28 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 53 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 81 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 81 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 71, белгілері жоқ – 10), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Індет жұқтырған 28 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 53 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдылығы 43% құрайды.

Бір тәулік ішінде қалада 4284 адам вакцина алды ( I компонент - 287, II компонент - 3997. Егу науқаны басталғалы барлығы 537 013 адам екпе қабылдады,оның ішінде 467 741 вакцинаның екі компонентін алған.