COVID-19: Үшінші мегаполисте эпидахуал тұрақты

0
818

Мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек-орын толымдығы 18 пайызды құрайды.


COVID-19: Үшінші мегаполисте эпидахуал тұрақты

Шымкентте 26 желтоқсан күні КВИ-дің 3 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауру белгісі анықталған 3 тұрғын да үй бақылауына алынды.
Мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек-орын толымдығы 18 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 49 науқас, жансақтау бөлімінде 9 науқас ем қабылдауда.
Соңғы тәулікте 307 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 591 592 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 569 421 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 13 328 адам, II компонентін 4 669 адам қабылдады. 20 287 адам ревакцинацияланды.