Еліміз бойынша коронавирусқа қарсы вакцина алу науқаны 2021 жылдың ақпан айында басталды.
«Елім үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері Шымкенттегі жұмыс сапарын қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еліміз бойынша коронавирусқа қарсы вакцина алу науқаны 2021 жылдың ақпан айында басталды. Осыған орай азаматтық штаб құрылып, оның мүшелері елдің әр өңірін аралап жүр. Мұндағы мақсат – вакцинаға қатысты жекелеген азаматтардың ғана емес, жалпы байланыс платформалары арқылы көпшіліктің сауалдарына жауап беру, екпе алу туралы түсіндіру.
Өткен тәулікте еліміз бойынша «вирус жұқтырған» деген күдікпен тіркеуге алынған азаматтардың 98 пайызы вакцина алмаған. Бұл тұста есте ұстайтын жайт – вакцина вирустан толық қорғамайды, тек вирус жұққан жағдайда жеңіл өтеді.
Ал ревакцина жоспар бойынша осы жылдың қараша айының үшінші онкүндігінде басталады.
Векторлы вакцина алған азаматтар 9 айдан кейін инактивті екпенің 1 дозасын, ал инактивті вакцина алған азаматтар 6 айдан кейін векторлы вакцина ала алады. Ал «Pfizer» вакцинасын өндірушілермен келіссөз жүріп жатыр. Сәтті аяқталса, ол вакцина жылдың IV тоқсанында жеткізілуі мүмкін.
Екпе алудың нәтижесі бойынша жаздағы эпидемиологиялық жағдайға қарағанда күздегі ахуал едәуір жақсарған.