"Ерікті болу сізге не берді?": Шымкентте жастармен семинар-тренинг өтті

0
259

Кездесу барысында жастар еріктілік жайында кеңінен ақпарат алып, өз ойларында жүрген сұрақтарына жауап тапты.


Шымкент қаласы Абай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Ерікті болу сізге не берді?" атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жастармен кездесуге "Мейірім" қайырымдылық қорының директоры Асан Жазира Тілеубердіқызы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында жастар еріктілік жайында кеңінен ақпарат алып, өз ойларында жүрген сұрақтарына жауап тапты. Сонымен қатар өзара пікір алмасты.