​ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ШЕШІЛЕДІ

0
51

Тұрғындар тарапынан қосымша балалар мен спорт алаңдарын, мәдениет үйін және медициналық пункт ашу қажеттігі айтылды.


​ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ШЕШІЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен көшпелі кездесу өтті. Кездесу Абай ауданындағы «Солтүстік-Батыс», «Жиделі», «Көкбұлақ» және «Тәуелсіздікке 20 жыл» шағынаудандарында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу, асфальттау жұмыстарын жүргізу, кәріз жүйесін жаңарту, жер учаскелерін рәсімдеу, көшелерді кеңейту, жол белгілері мен жарық бағаналарын орнату мәселелері қаралды.
Тұрғындар тарапынан қосымша балалар мен спорт алаңдарын, мәдениет үйін және медициналық пункт ашу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік бағытын реттеу, автобус санын арттыру және аялдамаларды көбейту ұсынылды.
Әкім Ғабит Сыздықбеков азаматтардың кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдіргені үшін алғыс айтты. Көптеген мәселелер сол кездесу барысында шешімін тапты. Қосымша зерттеуді және уақытты талап ететін мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар жауапты органдарға берілді. Барлық көтерілген мәселелер қала дамуының басымдықтарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Мұндай форматтағы кездесулер тұрғындардың пікірін тыңдап, жүйелі түрде қарастыруға және нақты оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бөлісу