ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі қажет

0
77


ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі қажет

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында «Ақтас» тұрғын алабындағы қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орнына барды.

Жануарларға жасалған жағдаймен танысып, жауапты тұлғаларға жүйелі түрде бақылау жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету мен тамақтану мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін ескертті.

Әрі қарай қала көшелерін, қоғамдық орындарды және аулаларды жаяу аралады. Атап айтқанда, Рашидов, Володарский, Қабанбай батыр, Төле би, Адырбеков, Диваев, Қазыбек би көшелерін, Қонаев және Тәуке хан даңғылын, «Қошқар-ата» өзені жағалауын, Диваев көшесіндегі гүлзарды және «Ордабасы» алаңын тексерді.
Тексеру нәтижесінде аудан әкімдіктері мен бірқатар басқарма басшыларына көшелердің санитарлық жағдайына мониторинг жұмысын күшейтуді және істен шыққан жарықшамдарды дер кезінде ауыстыруды тапсырды. Қала басшысы барлық кемшіліктер жақын арада жойылуы тиіс екенін ескертті.
«Қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуы керек және бұл ретте тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі қажет», - деді қала басшысы.
Бөлісу