​«ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ» ЖОБАСЫ ЖИДЕЛІДЕГІ НӘТИЖЕЛЕРІН КӨРСЕТТІ

0
85


​«ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ» ЖОБАСЫ ЖИДЕЛІДЕГІ НӘТИЖЕЛЕРІН КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, ішімдіксіз елдімекендердің санын арттыру бағытындағы жұмыс жоспарлы түрде атқарылып келеді.

Жуырда Абай ауданы әкімдігі, қалалық полиция департаменті және жергілікті полиция басқармасының өкілдері Жиделі елдімекенінде болды.

Тәртіп сақшылары жергілікті белсенді тұрғындармен бірге дүкендерді аралады. Кездесулер барысында дүкен иелеріне «Ішімдіксіз ауыл» жобасы туралы түсіндірілді, спирттік ішімдік сатуды тоқтату, осы арқылы елдімекендегі төтенше және қылмыстық жағдайлардың алдын алуға үлес қосу жайы талқыланды.
Нәтижесінде дүкен иелері осынау бастамаға қатысуға ниет білдіріп, тиісті лицензиялары бола тұра ішімдік сатпауға келісімдерін берді. Барлық тарап мұндағы мақсат қоғам тыныштығын сақтау, қылмысты азайтуға үлес қосу екенін түсінеді.
Жауапты мамандар қала аумағында салауатты өмір салтын насихаттап, ішімдіксіз аймақтарды көбейту бағытындағы жұмыс жалғаса беретінін мәлімдеді.
Бөлісу