Тұрғындармен тиімді байланыс орнатудың маңызды тәсілдерінің бірі - жеке қабылдау
фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшыларымен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
170-тен астам тұрғын өзекті мәселелерімен жүгінді. Қала басшысы мен салалық басқармалар өкілдері әрбір өтінішті зерделеп, заң аясында шешу жолдарын ұсынды.
Тұрғындармен тиімді байланыс орнатудың маңызды тәсілдерінің бірі - жеке қабылдау, халықтың проблемалары мен қажеттіліктерін шешуге мүмкіндік береді. Қала әкімі қабылдау қорытындысы бойынша жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.