«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: Шымкент қаласында құқық саласы бойынша акция өтеді

0
125


«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: Шымкент қаласында құқық саласы бойынша акция өтеді

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың 25 сәуірінде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді.

Акция Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің бас ғимаратының 1-қабатында (Тәуке хан №5) сағат 15.00-де басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
Бөлісу